Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Президенттің ауылдарға қатысты ұсынысын Сенат депутаттары қолдады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жа



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:40 - 2021/01/15

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/449194-prezidentti-auyldar-a-atysty-synysyn-senat-deputattary-oldady






Елдегі 3,5 мыңнан астам ауылды жаңа стандарттарға сай жаңғырту міндеті тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің 7-шақырылымдағы алғашқы сессиясында мәлімдеді. Аймақтардың дамуы мен оған қаржының лайықты бөлінуіне қатысты ұстанымын Сенат депутаттары толығымен қолдайды.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Қазіргі уақытта біздің өңірлерде жол мәселесінің өзі әртүрлі дамыған. Бір жерде жол жақсы, бір жерде жол тіпті нашар дамыған. Бір жерде ауыз сумен қамтамасыз етілген, екінші жерде ауыз су тіпті жоқ. Газдандыру мәселелері бойынша да солай. Егер ауылдық елді мекендер қайтадан жаңғырып, қайтадан жанданып, жаңғырылатын болса, біз ауылдарды сақтап қаламыз.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Президенттің тапсырмасы бойынша ұлттық жобаның құруын тапсырып отыр. Ең бастысы, біздің білім саласының сапасына көңіл бөлу керек. Осыған нақты көмектесуіміз керек. Осындай жоба қабылданса, біздің білім саласы да әрі қарай дамиды деген сенімдеміз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1336507
Пікірлер

Көрші сілтемелер