Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыдағы «Әйгерім-2» ықшамауданының тұрғындары бір айдан бері сусыз отыр - Қазақстан және әлемдегі



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:30 - 2021/01/15

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/449190-almatyda-y-jgerim-2-y-shamaudanyny-t-r-yndary-bir-ajdan-beri-susyz-otyr






Жұрттың арыз-шағымдарын айтып бармаған мекемесі қалмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуық арада құбырдың жөнделетін түрі де байқалмайды.

Балбұлақ көшесіндегі қай үйге кірсеңіз де иелері «су жоқ» деп мұңаяды. Желтоқсан айынан бері аязды күндер жалғасып келеді. Жердегі тоң тереңдеген. Қақаған суықтан құбырлары қатып қалыпты. Күн сайын құбырды қыздырып, суды жібіту машақат. Текес пен Бұғыты көшелеріндегі жағдай да осы. Үш көшедегі тұратын 70 отбасы үшін ауыз су екі жылдан бері бітпес жырға айналған.  

Әйгерім Қартжанова, қала тұрғыны:

– Өткенде барып жазсақ, сіздерге жоба белгіленді, ақша бөлінген жоқ, «Алматы суға» берілді деп жазылып тұр. Бірақ 2022 жылы жасалынады дейді. Қазір халық карантин кезінде қыстың ортасында сусыз отыр.

Тамара Түменбаева, қала тұрғыны:

– Қалалық әкімдіктің табалдырығын тоздырдық. Қанша рет топ-тобымызбен шулап бара беретін болдық.

Бұл тұрғындар ауыз суды ұжымдық келісімшарт бойынша алады. Ай сайын әр үй суға 1300 теңге төлейді. Бірақ су бірде келіп, бірде келмеген соң кейбір абоненттер ақша төлеуді доғарған. «Судың да сұрауы бар» демекші, енді суымыз жоқ деген тұрғындардың барлығы «Алматы су» холдингіне 800 мың теңге қарыз болып шықты. Бұл қарыз бір айда жиналмағаны тағы анық. Ал ықшамауданды орталықтандырылған ауыз су және кәріз жүйесіне қосу жұмысы биыл басталды дейді Алатау аудандық әкімдігінің жауапты тұлғалары. 

Ертіс Есіров, Алатау аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

– Қазіргі таңда сол басқарманың мәліметіне сәйкес жобаны іске асыру мақсатында конкурс жүргізілуде. Конкурсқа берілді. Көктем айына дейін мердігер мекеме анықталған жағдайда биылғы жылы құрылыс жұмыстары басталады деп отыр.

Алмас Садуақас, тілші:

– Балбұлақ пен Текес көшелеріндегі ауыз су тапшылығы былай тұрсын алдағы уақытта көше тұрғындары тіпті электр жарығынсыз қалғалы тұр. Өйткені көше бойына орнатылған 20 шақты баған әбден ескіріп, құлағалы тұр. Ал мына баған тіпті балабақша түбінде орналасқан.

Алда-жалда дауыл болса бұл бағаналар шыдас бермесі анық. Бетон тірегі үгітіліп, электр желісі үзіліп балабақшаға құламауына кім кепіл. Қала тұрғыны Оля Еламанованың ауласындағы электр бағанасы да апатты жағдайда.

Ольга Еламанова, қала тұрғыны:

– Балалар, немерелер бар. Мына жерге көліктерін қояды. Сақтықта қорлық жоқ дейді. Егер құлап кетіп жатса, ол үшін кім жауап береді бізге.

Ертіс Есіров, Алатау аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

– Аталған мәселеде аудан әкімшілігі тарапынан түгендеу жұмыстары жүргізіліп, иесіз деп сот шешімімен танылған. Қазіргі таңда барлық иесіз деп танылған желілер «Алатау жарық» компаниясы теңгеріміне берілген. Осы 2020 жылдың аяғында. 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен осындай ескі желілерді талапқа сәйкес тарту бойынша жоспарға енгізіледі.

Шағын ғана аудандағы үш көшедегі инфрақұрылымдық мәселе әлі үш жылға жалғасатын түрі бар. Су мен жарық – тіршіліктің көзі. Үлкен қалада отырып, суға жарымай отырған тұрғындар әкімдіктен «жасалады» деген уәдені емес, нақты істі күтеді.

Алмас Садуақас, Әбен Нарынбаев

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1336501
Пікірлер

Көрші сілтемелер