Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Батыс Қазақстанда тағы бір жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 23:42 - 2020/12/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/batys-kazakstanda-tagy-bir-zhana-mektep-gimaraty-paydalanuga-berildi_a3725201


Батыс Қазақстанда тағы бір жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Тұңғыш Президент күніне орай Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылында Абай атындағы мектеп гимназиясының жаңа ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаған облыс әкімі Ғали Есқалиев өңірде осындай жаңалық-өзгерістердің жалғасып келе жатқандығын жеткізді.

Осы Ақжайық ауданының өзінде ауылдарға «көгілдір отын», ауыз су құбыры тартылып, қатқыл табанды жол салынуда.

Ширек ғасырдан астам тарихы бар, ұлы ақын есімін иеленген мектеп гимназия шәкірттері енді іші-сырты бірдей сыңғырлаған жаңа ғимаратта білім алатын болады.

«Қазақстан Презденті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында біздің елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз, қазақтың әр баласын ұлтжанды етіп тәрбиелеу үшін Абайдың сара жолын жалғауымыз керектігін атап көрсеткен болатын. Сондықтан ұлы ақын атындағы мектеп гимназия осы биік мақсат үдесінен көрініп, дарынды да білімді шәкірттерімен дараланады деп сенеміз», деді өңір басшысы.

«Алтим» ЖШС салған үш қабатты мектеп құрылысына 1275,05 млн теңге жұмсалды. Жаңа ғимаратта 102 орындық асхана, оқырман залы, мәжіліс залы, спорт залы және басқа бөлмелер орын тепкен, түрлі кабинеттер заманауи жабдықтармен жасақталған. Қырықтан астам мұғалім сабақ беретін 300 орындық мектепте 341 оқушы білім алады. 100 орындық интернатта ауылдардан келіп оқитын шәкірттер орналаспақшы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда мектеп-лицейдің жаңа ғимаратқа көшкенін, 200-ге жуық отбасы баспаналы болғанын жазған едік.





Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1312116
Пікірлер

Көрші сілтемелер