Салдарынан екі азамат көз жұмып, оннан астам кісі жарақат алған. Бұл туралы жергілікті тәртіп сақшылары хабарлады. Алдын ала ақпар бойынша рөл тізгінінде 51 жастағы Германия азаматы болған. Джип көлігін мінген ол жоғары жылдамдықпен бірнеше адам қағып өтіпті. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге беймәлім. Белгілісі, ол кісі қазір қамауда. Ал қала орталығы қоршауға алынған.