Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркияда Тұңғыш Президент күніне орай жиын өтті - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:50 - 2020/12/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/439805-t-rkiyada-t-ysh-prezident-k-nine-oraj-zhiyn-tti



Түркияда Тұңғыш Президент күніне орай жиын өтті


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні шет мемлекеттерде де аталып өтіп жатыр.

Түрік елінде арнайы жиын ұйымдастырылды. Оған Түркия мен еліміздің ғалымдары, қоғам қайраткерлері қатысты. Қазақстан елшілігі мен Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткен онлайн кездесуде, Тұңғыш Президенттің Әлем бейбітшілігіне қосқан үлесі және халықаралық бастамалары сөз болды. Ғалымдар Елбасының түркі дүниесімен қоса, араб әлеміне де үлгі боларлық рухани еңбектері мәңгілік сақталады деген пікірде.

Вакур Сумер, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры:

- Нұрсұлтан Назарбаев барлық салада көшбасшылық етті. Халықаралық деңгейде, соның ішінде Түркі дүниесінде бірқатар игі бастамаларды жүзеге асырған тұлға. Бүгінгі отырыста 1991 жылдан бергі ішкі және халықаралық саясаттағы еңбектерін талқыладық.

Хусейин Бағжы, Таяу Шығыс университетінің профессоры:

- Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы секілді түркі дүниесі ықпалдастығын арттыратын халықаралық ұйымдардың құрылуы тікелей Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асты. Оның аймақ пен әлем бейбітшілігінде үлесі, арағайындылығы мен бітімгерлігі айырықша. Бүгінгі тұрақты және келісімі жарасқан Қазақстан – ақсақалдың еңбегінің жемісі.

Осы категория бойынша: « Ел тағдырындағы Елбасы рөлі
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1312105
Пікірлер

Көрші сілтемелер