Негізгі оқиға Сирияға аттанған арнайы топтың айналасында өрбиді. Иран мен Ирактың шекарасында жарылған ұшақтан бас кейіпкер Қорлан аман қалады. Құрбысының кеңесімен Сирияда қалған ол құпия агент болып, аса қауіпті террористерді жою туралы арнайы бөлімнің тапсырмасын орындайды. 15 бөлімнен тұратын шынайы өмірге негізделген, шиеленіске толы фильмнің бірінші бөлімі бүгін 22 сағат 10 минутта басталады.
Әйгерім Қайратқызы, актриса:
– Бұл сериалда Фатима – басты кейіпкер. Оны Қазақстаннан Сирияға сатып жіберген, яғни сатылып кеткен қыз жайлы. Бұл рөл үшін көптеген фильм қарадым. Желіден Сирияға барып келген қыздардың тағдырын зерттедім.