Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы облысында жастардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасалынуда | DalaNews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 22:00 - 2020/12/01

Нақты Көзі: https://dalanews.kz/58153


Алматы облысында жастардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасалынуда | DalaNews

Алматы облысында жастардың спортпен айналысуына барынша жағдай жасалынуда

Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің жер-жерінде айтулы мерекені атап өтілді. Мереке қарсаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорғанда өңірдегі жастардың жұмысын қорытындылап, «Көшбасшы – 2020» сыйлығын белсенді жастарға тапсырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Осы ретте «Көшбасшы – 2020» сыйлығы биылғы жастарға 15-ші рет тапсырылып отырғанын айта кетуіміз керек. Қоғамдық ортада белсенділігімен танылған жастарды марапаттауда санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шаралары толықтай сақталды.

Салтанатты жиынды Амандық Ғаббасұлы жиналған жастарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, қоғам дамуындағы жастардың рөлі ерекше екенін атап өтті:

– Жастар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда. Біз 15 жылдан бері өңірімізде қоғамның әр түрлі салаларында белсенді еңбек етіп, табысқа жеткен жас қыздар мен жігіттерімізге осы сыйлықты табыстап келеміз.  Жастар сыйлығына ие болу – бұл үлкен жетістік. Алматы облысында өздеріңіздей жан-жақты дамыған, мақсаты айқын жастардың болғаны біз үшін қуаныш. Біз өз тарапымыздан мемлекет қолдауымен жастарға барлық қажетті жағдайларды жасалынуда. Айталық, аудандарда 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аштық, тағы 7-еуін салып жатыр. Бұдан басқа бұқаралық спортты дамытуға жарты миллиард теңгедей қаржы бөлдік. Әрбір адамның спортпен кәсіби түрде де, денсаулығы үшін де айналысуына барлық жағдай бар. Жеңімпаздарды жеңісті жолымен тағы бір мәрте құттықтай отырып, табыстан табысқа жете берулеріңе тілектеспін. Отанымыз Қазақстан жастарымен мақтанатындай әрқашан адал, әділ, еңбекқор болыңдар. Сендер – біздің болашағымызсыңдар, – деді облыс басшысы.  

Бұл күні Ескелді аудандық ауруханасына «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен келіп, жұмыс істеп жатқан Әсел Өмірбекова «Үздік жас дәрігер» атанса, Дамир Нұркежанов «Үздік жас кәсіпкер»  аталымына ие болды, ол – «Future-IT» робототехника мектебінің негізін салушы және жетекшісі, Тұңғыш Президенттің «Ел үміті» сыйлығының лауреаты, жас көшбасшылардың «CAYLA» Орта Азия академиясының студенті.

Айгүл Амангелдиева «Үздік ауыл шаруашылығы маманы» атағына қол жеткізді, ол шетелдік журналда жарияланған АӨК саласындағы 7 ғылыми мақаланың авторы.

Ал «Үздік студент» аталымында Мадина Тұрдаш жеңімпаз болды, ол І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті, «Парасаттылық елшісі» жастар қозғалысының және Жастар орталығының үйлестірушісі, «Қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін» төсбелгісімен наградталған.

Жалпы саны 20 жас түрлі номинациялар бойынша марапатталып, олардың әрқайсысына арнайы статуэткалар мен ақшалай сыйлық сертификаттары берілді.

Жеңімпаздардың атынан «Үздік әдебиетші» аталымының жеңімпазы, жазушы, әдеби сыншы, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, көптеген халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы, 4 прозалық кітаптың және 10 әдеби-тарихи зерттеу кітабының авторы Елдос Тоқтарбай сөз алды.

– Тұңғыш Президентіміз – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген және салиқалы саясатының арқасында жастардың өзін-өзі жан-жақты дамытуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Бүгінгі күні Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарға қолдау көрсетіп келеді. Біз өзімізге артылған сенімді ақтап, елдің лайықты азаматы болуға бар күш-жігерімізді арнаймыз деп сендіремін. Осы сәтті пайдаланып,  біздің еңбегімізді елеп, құрмет көрсеткен облыс басшылығына да ризашылығымды білдіремін. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, еңбектеріне жеміс тілеймін, – деді Е.Тоқтарбай.

Шара соңында облыс өнерпаздарының шағын концерті ұсынылды.

 Нұрлан Жұмақанов

Тағы оқыңыз:

Мемлекеттің барлық бағдарламалары жастарды қолдауға бағытталған

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=1312092
Пікірлер

Көрші сілтемелер