Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО-да тұрғындарға кезек тәртібімен кемінде 1800 жер телімі беріледі - Қазақстан және әлемдегі соңғы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:00 - 2020/12/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/439791-b-o-da-t-r-yndar-a-kezek-t-rtibimen-keminde-1800-zher-telimi-beriledi






Батыс Қазақстан облысында бұрын жер телімдерін ретсіз әрі инженерлік инфрақұрылымсыз беру салдарынан келеңсіздіктер туындаған еді.

Сусыз, газсыз тіпті жарықсыз отырған тұрғындар да болды. Қазір сол аумақтарда мәселе қаншалықты шешілді? Олқылықтар қайталанбас үшін нендей шаралар қолға алынды?

Қуаныш Молдалиев кезек тәртібімен 9 жыл бұрын Орал қаласының іргесіндегі Сарыарқа ауданынан жер телімін алған. Алайда шаһарға емес, жапан түзге қоныс тепкендей күй кешті. Өйткені аумақта инженерлік инфрақұрылым мүлде болмады. Түйткілдер арада 5-6 жыл өткен соң ғана біртіндеп шешіле бастады. Бүгінде Қуаныш баспанасына электр желісін, ауыз су мен табиғи газды кіргізіп алды. Алайда жол мәселесі шешіле қойған жоқ. .

Қуаныш Молдалиев, қала тұрғыны:

– Біздер батпақта, көктемде, күзде өте алмаймыз. Көлікті қалдырамыз осында. Солай үйге жетеміз. Жол жоқ.

Оралда жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдері соңғы рет 2011 жылы берілді. Қаланың солтүстік-батысындағы Сарыарқа және Көкжиек аудандарына көшіп келген тұрғындардың барлығы қиындық көрген еді.

Мирас Мүлкәй, қала әкімінің орынбасары:

– 2017 жылдан бастап ПДП-1-де біз автомобиль жолдары құрылысын жүргіздік. Қазіргі таңда ПДП-1 (Көкжиек) шағын ауданының сұрақтары толық жабылды. Бірақ осы күнге дейін ТЖЖ-2 (Сарыарқа) бойынша автомобиль жолдарының сұрағы туындап келді. Аталған сұрақты біз осы ағымдағы жылы шешімін тауып, автомобиль жолының құрылысын бастап кеттік.

Ендігі міндет – мұндай кемшіліктерді қайталамау. Келер жылы Жер Кодексіне жарияланған мораторий күшін жояды. Бұдан былай жылжымайтын мүліктер тек инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған аумақтардан берілу тиіс. Осы бағытта қазір шаһарда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы жылы оралдықтарға кезек тәртібімен Круглоозерное кентінен 1200-ге жуық жер телімін табыстау жоспарланған.

Мирас Мүлкәй, қала әкімінің орынбасары:

– ПДП егжей-тегжейлі жоспары жасақталды. Бүгінгі кезде су құбырын жүргізу жұмыстары басталып кетті. Келесі 2021 жылдың басында газ жұмыстарын жүргізу басталады. Сәйкесінше біз әкімдік аталған жұмыстарды, барлық инженерлік инфрақұрылымдарды өткізген соң, жер телімдері берілетін болады.

Облыста жер кезегінде 104 мың адам тұр. Олардың 70 пайызы – Орал қаласынан. Ауылдық жерлердегі тұрғындардың шаһарға жаппай қоныс аударуы осындай түйткілге тіреп отыр. Мәселені шешудің тиімді тетігі ретінде аудандардан да баспана құрылысына арналған жер телімдері қарастырылған.

Мұрат Өмірәлиев, БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы:

– «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қаратөбе ауданы бойынша 144 жер телімі, Теректі ауданы бойынша 528 жер телімі бойынша жұмыстар атқарылуда. Яғни атқарылған жұмыстар, бұл – инженерлік желілерді тарту.

Яғни келер жылы облыста кезек тәртібімен кемінде 1800 жер телімі беріледі. Ал кезектің жылжуын тұрғындар геопорталдан онлайн тексере алады, яғни енді ақпарат қолжетімді болады. Мамандар баспанаға зәру адамдардың тізімі тексеріліп, қайта түгенделіп тұратынын айтты. Кезінде ашықтық жоқтығы салдарынан салада бармақ басты, көз қысты әрекеттер жиілеп кеткен еді. Мәселен, он жыл бұрын қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы өзге де саладағы серіктестерімен бірлесіп, жер телімдерін заңсыз сатумен айналысқан. Мұндай сыбайлас жемқорлық деректері жыл басында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру кезінде де орын алған.

Біржан Хайруллин, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

– Бәйтерек ауданында комиссия төрағасы өзінің туысына жер алып беріп, кейін осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен аталған шешім өз күшін жойған болатын. Одан бөлек, Теректі және Қаратөбе аудандарында да мүдде қақтығыстары орын алды.

Енді жеке тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы жер телімдері сандық жүйе арқылы бақылауға алынатын болды. Геопорталда алдағы жылы ғарыштан мониторинг жүргізу мүмкіндігі жасалады.

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Руслан Ғазезов, Қанат Махмұтов

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1312091
Пікірлер

Көрші сілтемелер