Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Павлодар облысының Май ауданында ауызсу мәселесі түбегейлі шешілмек - Қазақстан және әлемдегі соңғы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:50 - 2020/12/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/439789-pavlodar-oblysyny-maj-audanynda-auyzsu-m-selesi-t-begejli-sheshilmek






Алдағы жылы Павлодар облысының Май ауданындағы аса өткір тұрған ауызсу мәселесі түбегейлі шешімін табады.

Бұл он жыл бұрын қолға алынып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан әлеуметтік жоба. 

Биыл көптен күткен топтық су тарату құбыры іске қосылып, 14 ауылды бірден орталық су жүйесімен қамтуға мүмкіндік туды. Тақауда олардың қатарын Шыған ауылы толтырды.

Шыған ауылы аудан орталығына жақын орналасқан. Соған қарамастан ауыз суға жарымай келді. Тұрғындар шаруашылыққа Ертістің суын пайдаланды. Ал таза су аудан орталығынан жеткізілетін.

Нұрлан Масалимов, зейнеткер:

– Су жағдайы қиын болды. Көбінесе мұнда зейнеткерлер тұрады. Қиын болды. Қазір ол мәселе шешілді. Ешкім дауласпайтын шығар. Бір жұмада екі рет су әкелетін.

Ольга Соломатинаның отбасы да ішетін суды аудан орталығынан әкелетін. Тасымалданған суда береке жоқ дейді ол. Бағасы да арзан емес. Қазір су үйдегі краннан ағып тұр. Үй шаруасындағы әйелге бұл айтарлықтай көмек.

Ольга Соломатина, Шыған ауылының тұрғыны:

– Суық су мен ыстық су қатар ағып тұр. Мүмкіндігімізге қарай монша салып алсақ дейміз. Мамандармен ақылдасып көріп едік, 200 текше метр су кететінін айтты. Әзірге су есептегіштер орнатпадық.

Май ауданында топтық су құбыры өте ұзақ салынды. Алғаш рет 2010 жылы қолға алынып, жауапсыз мердігерлердің кесірінен тұралап қалған құрылыс сегіз жылдан кейін қайта жанданды. Бірінші кезекте ұзындығы 140 шақырым болатын магистраль салынды. Әрі қарай ауыларалық желі тартылды. Ауданның өз басында іске қосу мен жөндеу жұмыстары жуырда ғана аяқталды. Қазір Көктөбе ауылының басым бөлігі орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.

Бағирам Байғазина, Көктөбе ауылының тұрғыны:

– Осындай тамаша халге жеттік. Біз 70-ке келген адамдармыз, суды осы арадан құйып алып жүрміз.

Айналасы екі жылда ауданды сапалы ауызсумен қамту көрсеткіші 14-тен 73 процентке өсті. Қалған алты ауылдың мәселесі жуық арада шешіледі.

Марат Ақтаев, Май ауданының әкімі:

– 2018 жылдан бастап жаңағы магистраль салынды. 14 ауылға су құбырлары салынды. Биылғы жылы екі нысанды біз іске қостық. Ол жаңағы Шыған ауылында, сосын екінші кезегі осы Көктөбе ауылында, екі ауылда сонымен Май топтық су құбырының жобасын толықтай іске қосамыз.

Коммуналдық инфрақұрылымның жақсаруы тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай тудырады. Соңғы кезде бұл өңірге оңтүстіктен қоныс аударғандар саны артқан. Биыл ауданға 160 отбасы көшіп келді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1312087
Пікірлер

Көрші сілтемелер