Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


28 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 07:03 - 2020/11/28

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/28-karasha-kazakparat-kuntizbesi_a3723724


28 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 28 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1934 жылы Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты өз жұмысын бастады. Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институтының мақсаты ұлттық мәдени құрылыс саласындағы барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын интеграциялау және үйлестіру, қорытындылап, ғылыми-зерттеу нәтижелерін бірыңғай базаға салу, Қазақстаның мәдени саясатының іргесін қалау болды.

1998 жылы Ұлыбританияда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Уақыт туралы, тағдырлар туралы, өзім туралы» атты кітабы ағылшын тілінде жарық көрді.

2000 жылы «Қазақстан меценаттары клубы» жыл сайынғы «Тарлан» жалпыұлттық тәуелсіз сыйлығын жариялады. Сыйлық әдебиет, музыка, театр, бейнелеу өнері, кинематограф, ғылым және ағарту секілді жеті бағытта беріледі.

2005 жылы Павлодардың Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы «Жергілікті мұражайларды қолдау» акциясының барысында қала тұрғындары сыйға тартқан 418 жаңа жәдігермен толықты. Сыйлықтардың арасында Мәдидің тұтынған «Құранын» және Мұхтар Әуезовтің 1947 жылы жарық көрген «Абай» кітабын атауға болады. Олардың екеуі де араб әріптерімен басылған. Мұражайдың кітап қоры павлодарлық танымал қаламгерлер Мұзафар Әлімбаевтың, Нұтфолла Шәкеновтың шығармаларымен, қуғын-сүргін жылдары Ертіс селосында тұрған Сібір жазушысы Ефим Пермитиннің төрт томдығымен, орыстың белгілі ақыны Марина Цветаеваның сіңлісі, өткен ғасырдың 50-жылдары Павлодарда тұрған жазушы Анастасия Цветаеваның авторлық қолтаңбасы бар «Естеліктер» кітабымен толықты. Мұражайға атақты әнші Суат Әбусейітовтің жеке заттары мен фотосуреттері келіп түсті. Варна қаласында (Болгария) өткен Халықаралық байқау-фестивалінің жүлдегері жас суретші Лилия Мельник мұражайдың балалар бөліміне көрмеде көрсетілген суреті мен фестивальдің буклетін тарту етті.

2005 жылы қазақстандық нарықта алғаш рет Владимир Осинскийдің Мәскеудегі үздік студиясында жазылған «Ұлытау» қазақстандық аспаптық тобының альбомы жарыққа шықты. Альбом Лос-Анджелесте «Paramaunt Records» (АҚШ) студиясында саунд-продюсер Тим Палмермен бірге шығарылды. Альбом Махамбеттің күйі – «Жұмыр Қылыш» атауына ие болды және Құрманғазы, Махамбет, Тілендиев, Шалмырза, Қазанғап, Вивальди және Моцарттың музыкасына жазылған 10 композициядан тұрады.

2011 жылы Корея Республикасы Даеджон қаласының Корея инновациялық кластері қорында Корея-Қазақстан технологиялық ынтымақтастық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2011 жылы «KazSat-2» спутнигі Қазақстан Республикасының меншігіне берілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі комиссиясының «KazSat-2» ғарыштық жүйесін Қазақстан Республикасының меншігіне беру жөніндегі отырысында «KazSat-2» ғарыштық жүйесін меншік құқығына алу хаттамасын комиссия төрағасы «РҒБО» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов бекітті.

2012 жылы Польшаның солтүстік-батысындағы Пила қаласындағы әскери зиратта Кеңес Одағының Батыры Жолдыбай Нұрлыбаевтың қабіріне қойылған ескерткіш тақтаның салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылудан кейін бауырластар қабірінің басында Қасиетті Құранның аяттары оқылып, гүл шоқтары қойылды, ал Жолдыбай Нұрлыбаевтың туыстары оның қабіріне өзінің туған жерінен бір уыс топырақ салды.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев «Жыл таңдауы – Жыл адамы» халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша «2013 жылдың әскериі» номинациясында жеңісі үшін «Алтын адам» статуэткасымен марапатталды.

2017 жылы Жапония Үкіметі «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың Президенті Олжас Сүлейменовті ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастық арқылы екі ел арасындағы достық қатынастардың дамуына зор үлес қосқаны үшін Жапон үкіметінің «Күншығыс, Алтын шуақ орденімен» марапатталды. 2008 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен лентадағы Хризантема орденімен» марапатталса, 2006 жылы – Қазақстандағы жапон тұтқындардың зиратын іздеумен айналысқан тарихшы Асқанбек Алданазаров «Күншығыс, Алтын шуақ орденімен» марапатталған.

2017 жылы Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ танымал қазақ жыршысы Ұлжан Байбосыноваға «Франция әдебиеті мен өнерінің кавалері» орденін салтанатты түрде табыс етті. Франция Елшісі орденді Алматыда өткен «Ұлы дала елі» этнофестивалінде салтанатты түрде тапсырды. Ол Франция Мәдениет министрінің арнайы тапсырмасымен Еуропадан жолданған құрметке қазақ жыршысы лайық екенін айтты.

2018 жылы Порт-Луисте (Маврикий Республикасы) бас қосқан Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеті түркі халықтарының «Қорқыт баба» эпосын ЮНЕСКО материалдық емес мұралар тізіміне енгізді.

2019 жылы ұйымның Париж штаб-пәтерінде өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясы келесі жылға арналған еске алу күндерінің халықаралық күнтізбесіне ортағасырлық Шығыстың ұлы ғалымы және философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Шымкент қаласының құрылғанына 2200 жылдығын енгізу туралы арнайы қарар қабылдады. Ұйымға мүше 193 мемлекеттің ұжымдық шешіміне сәйкес ЮНЕСКО хатшылығына аталған мерейтойларды мерекелеуге қатысу тапсырылды.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азияда ЕО-ның үш ауқымды бағдарламасын – «Орталық Азия Инвест»; «Орталық Азияда халықаралық сауданы ілгерілету»; «Орталық Азияда заңның үстемдігін дамыту» іске асыру туралы Келісімге салтанатты түрде қол қойылды. Бұл жаңа өңірлік бағдарламалар сауда көлемін ұлғайтуға, ЖІӨ-нің өсуін жеделдетуге және жұмыс орындарын құруға қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл жобаларды басқару жөніндегі қызмет шеңберінде бақыланады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1310490
Пікірлер

Көрші сілтемелер