Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Моңғолиядағы қандасымыз Баян-Өлгей аймағының әкімі болып сайланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 20:20 - 2020/10/29

Нақты Көзі: https://turkystan.kz/article/123003-mo-oliyada-y-andasymyz-bayan-lgej-ajma-yny-kimi-bolyp-sajlandy


Моңғолиядағы қандасымыз Баян-Өлгей аймағының әкімі болып сайланды

Моңғолияда жергілікті әкімшіліктердің сайлауы аяқталды. Моңғолияның батысындағы қазақтар көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағының әкім болып – Халықтық партиясының Баян-Өлгейдегі бөлім басшысы Бауыржан Дәлелұлы сайланды.

Еске сала кетейік, тамыз айында Моңғолия Парламент сайлауы болып, нәтижесінде Халық партиясынан – 62, Демократия партиясынан – 11, басқа коалицялардан – 3 Моңғолия Ұлы Құрылтайының депутаттық мандатына ие болған. Оның ішінде баян-өлгейлік үш қандасымыз Парламент депутатына сайлғанған. Олар – Қазақстан мен Моңғолия парламентаралық тобының төрағасы Бәделхан Қабдысіләм, Моңғолияның денсаулық сақтау саласының қайраткері Бейсен Бұлан және белгілі кәсіпкер Әубәкір Тілеухан.

Қазанның 27-күні Баян-Өлгей аймақтық Азаматтар өкілдері Құрылтайының бірінші отырысында Демократия партиясы атынан (Моңғолия президентінің кеңесшісі) Жандос Шәріп өз кандидатуарсынан бас тартып, 39 делегаттың (аймақтық депутаттардың) 100% дауыс беруімен Халық париясының үміткері Бауыржан Дәлелді аймақ әкімі ретінде сайлау туралы Қаулысын  Моңғолияның Үкімет басшысы Ухнаагийн Хүрэлсүх мақұлдады.

Баян-Өлгей аймағының жаңа әкімі Бауыржан Дәлел туралы 10 дерек:

  1. Жылдық кірісі:102,5 миллион төгрөг
  2. Патер, құрылыс нысаны:Құны 162,6 миллион төгрөгке бағаланатын 1 хаус, 1 пәтер үй, тұрғын үйі, 1 автогражы бар.
  3. Автокөлік:Құны 12 миллион төгрөгке бағаланатын Toyota Camry автокөлігі бар.
  4. Мал саны:Жылқы 25, жүйрік ат 8
  5. Жері:847м2, 888м2 10 миллион төгрөг
  6. Жинақ:Жергілікті банктердегі есепшоттарында 65,6 миллион төгрөг жинақ қоры бар.
  7. Қарызы:4 млн төгрөг
  8. Компания:«Аумин» компаниясының 70% үлесін иемденеді.
  9. Басшылық: Баян-Өлгей АӨҚ-ның төрағасы және Халық париясының басшысы
  10. Тіл білімі: қазақ, моңғол, ағылшын, орыс, қытай тілдерін біледі.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1291529
Пікірлер

Көрші сілтемелер