Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сайлау учаскелерінің 83,6 пайызында пандус бар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 20:18 - 2020/10/29

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/saylau-uchaskelerinin-83-6-payyzynda-pandus-bar_a3712509


Сайлау учаскелерінің 83,6 пайызында пандус бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев сайлау барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай жағдай жасалауы қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлау-2021: Электоралдық оқуға 70 мыңнан астам адам қатысады Сайлау комиссиясының мүшелері қашықтан оқытылады – ОСК Сайлаушылар тізіміндегі сәйкессіздіктер ретке келтіріледі - ОСК

«Заң бойынша учаскелік сайлау комиссиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдауы тиіс, бұл ретте жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына осы бағыттағы жұмысқа жәрдемдесуге міндетті. Сондай-ақ, дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлаушылардың кедергісіз қол жеткізуі және ондағы дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс», - деді Е. Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Атап айтқанда, сайлау учаскесінде тактильді көрсеткіштер, мониторы бар компьютерлер, сондай-ақ зағиптар, нашар көретіндер және нашар еститіндер үшін арнайы құлаққаптар, үстелі бар жасырын дауыс беруге арналған кабина және т. б. құралдар болу керек.

«Алдағы сайлау науқанына дайындық аясында маусым айында 10 048 сайлау учаскесіне түгендеу жүргізілді. Нәтижесінде сайлау учаскелерінің 95,6% (9606) бірінші қабатта орналасады. Сайлау учаскелерінің 83,6%-ында (8113) ғимарат кіреберісінде пандустар бар, 72%-ында (6889) ғимаратқа кіреберісте тұтқалар бар. Ал тек 37%-ында (3597) ғимаратқа кіреберісте тактильді көрсеткіштер орнатылған. 372 сайлау учаскесінде немесе 4%-да арбамен жүретін мүгедектер үшін арнайы лифттер бар», - деді Е. Дауылбаев.

Айта кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін ҚР Парламенті және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

2018 жылы ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі нормалар алғаш бекітілген.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1291527
Пікірлер

Көрші сілтемелер