Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбе облысында жол апаты жиіледі - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 20:10 - 2020/10/29

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/432866-a-t-be-oblysynda-zhol-apaty-zhiiledi



Ақтөбе облысында жол апаты жиіледі


Ақтөбе облысында жол-көлік апаты көбейген. Былтыр апат саны 35 процентке артыпты.

Жол апатынан көз жұмғандар 15, жарақат алғандар  47 процентке өскен. Бұған өңірдегі жолдың жағдайы себеп-дейді Сенат депутаты Бауыржан Қаниев. Осы орайда депутат Үкіметке сауал жолдап, «Орталық-Батыс» көлік дәлізі жобасының жайын көтерді. Бұл ірі жол құрылысы елорданы Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарымен қосады. Ақтөбе облысы аумағынан тасжолдың 518 шақырымы өтеді. Депутат «Қандығаш-Шалқар-Ырғыз» учаскесі бойынша құрылыс жұмыстарына қаржының қайдан және қашан бөлінетінін сұрады. Оның айтуынша, республикалық маңызды жол жаңғыртылса, облыс экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді.

Бауыржан Қаниев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мемлекет басшысы 2019 жылдың 22 мамырында Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген кезде, облыс активі респубикалық маңызы бар «Қандығаш-Шалқар-Ырғыз» тасжолының жайын көтерген еді. Президент аталған жол учаскесінің стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, Үкіметке бірқатар тапсырма берген болатын. Оның бірі 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында автокөлік  жолын жаңартуға қаржы бөлу мәселесі еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1291523
Пікірлер

Көрші сілтемелер