Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Петропавлда эпидахуал нашарлап барады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:40 - 2020/10/29

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/432847-petropavlda-epidakhual-nasharlap-barady






Солтүстік Қазақстан облысында уақыт өткен сайын эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Соңғы аптада өңірде індетті жұқтырғандар саны 7 процентке артқан.

Қазір аймақта күніне ауру белгілері 10-нан астам адамнан анықталады. Осыған байланысты мамандар қарапайым санитарлық ережелерді сақтау керектігін қатаң ескертеді. 7 аудандағы 10 елді мекен карантинге жабық. Бұл жерлерде блокбекеттер қойылған. Мұнымен қоса шекарамен мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Бүгінгі күнге дейін 1058 әкімшілік хаттама толтырылып, заң бұзғандарға 60 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Десе де, әлі той-домалаққа тыю болмай тұр.  

Айнаш Сағандықова, облыстық тауарлар және қызметтер сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі кезде осы коттедждерде және де үйлерде кішігірім тойлар өткізіліп жатыр. Сондықтан осы коронавирустық инфекцияның одан әрі таралмауы мақсатында барлық қазақстандықтарға осындай тойларды уақытша шектеу туралы ескертеміз. Егер қарапайым ережелерді сақтамағанда осы карантин талаптары одан әрі қатаңдатылуы мүмкін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1291497
Пікірлер

Көрші сілтемелер