Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Батыс Қазақстанда отандық өндіруші айына 1,2 млн маска шығармақшы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 19:30 - 2020/10/29

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/batys-kazakstanda-otandyk-ondirushi-ayyna-12-mln-maska-shygarmakshy


Батыс Қазақстан облысында отандық өндіруші айына 1,2 млн дана маска шығармақшы, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, «КАЗМЕДКОМ» ЖШС жеке қорғаныс құралдарын, соның ішінде бірреттік медициналық маска өндіруді қолға алмақ. 

Қазіргі таңда отандық өндіруші «Дәрілік заттарға сараптама жүргізу ұлттық орталығы» РМК-ға жеке қорғаныс құралдары ҚР мемлекеттік тізіліміне тіркелу үшін өтінім беріп, бірінші кезеңінен өтті. 

Мемлекеттік тіркеуден өтіп, жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі мен сапасын бағалау қорытындысын алғаннан кейін аталған серіктестік іске кіріспекші. Сөйтіп өңір тұрғындарын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ете алады. 

Департаменттің мәлімдеуінше, облыста дәрі-дәрмек жеткілікті. 

Күні бүгін «КФК «Медсервис плюс», «Талап», «Аманат» және «Amity International» ЖШС көтерме сауда қоймаларында екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. 

Облыс әкімдігі тұрақтандыру қорын құрып, 4 айға 92 млн теңгеге дәрі-дәрмек қорының резерві жасақталды. «Aqjaiyq» ӘКК« ҰК» АҚ мен «Іңкәр» ЖШС ірі дистрибьютерлік компаниясы арасында 25 дәрі-дәрмек түріне келісім жасалды. Ақтөбедегі «Іңкәр» ЖШС дәріхана қоймасынан 91 миллион 15 мың теңгенің дәрі-дәрмектері келді. 

Сондай-ақ БҚО әкімдігі «СҚ-Фармация» ЖШС-на 8 дәрі-дәрмек атауы бойынша 16 млн теңгеге өтінім берді. 

«Aqjaiyq» ӘКК« ҰК» АҚ-да 1 млн 820 мың дана бірреттік маска резерві бар. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1291492
Пікірлер

Көрші сілтемелер