Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Президент құқық қорғау жүйесін реформалау жайында: Бұл жұмысты өзім тікелей қадағалаймын



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:21 - 2020/10/29

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/prezident-kukyk-korgau-zhuyesin-reformalau-zhayynda-bul-zhumysty-ozim-tikeley-kadagalaymyn_a3712470


Президент құқық қорғау жүйесін реформалау жайында: Бұл жұмысты өзім тікелей қадағалаймын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауда «Атамекен» нақты ұсыныстар беруі қажет. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысқан ҚР Президенті осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Полиция қосалқы функциялардан бас тартуы керек - Мемлекет басшысы Тәртіп сақшылары азаматтарға үлгі болуға тиіс - Президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қауіп келтірмейтін қылмыс жасағандарға амнистия жүргізіледі

Президенттің тапсырмасы бойынша сапалы жаңа реттеушілік жүйе әзірлене бастады. Қолданыстағы барлық бақылау-қадағалау, рұқсат беру және басқа да реттеуші құралдарға үлкен әрі нақты тексерулер жасалады.

«Біз құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауды бастадық. Реформа жедел, ашық және тиімді болуы тиіс. Бұл жұмысты өзім тікелей қадағалаймын. Мұндай күрделі, жабық жүйелерді, оның ішінде, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып өзгерту қажет. Сондықтан «Атамекеннен» нақты ұсыныстар күтемін. Құқық қорғау органдарының барша қызметкерлері, инспектордан бастап генералға дейін елімізде қолайлы бизнес ахуалды қалыптастыру жұмысының толыққанды қатысушылары екендерін сезінулері тиіс», - деді Мемлекет басшысы.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1291485
Пікірлер

Көрші сілтемелер