Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Үкімет жыл соңына Парламентке дейін жер қатынастарын цифрландыру туралы заң жобасы беруі қажет - Пре



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:06 - 2020/10/29

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ukimet-zhyl-sonyna-parlamentke-deyin-zher-katynastaryn-cifrlandyru-turaly-zan-zhobasy-berui-kazhet-prezident_a3712475


Үкімет жыл соңына Парламентке дейін жер қатынастарын цифрландыру туралы заң жобасы беруі қажет - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет жыл соңына дейін жер қатынастарын цифрландыру және отандық бизнестің ауыл шаруашылығына арналмаған жер ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету жөнінде заң жобасын Парламентке беруі қажет. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысқан ҚР Президенті осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады ҚР Премьер-Министрі Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Президент баяндамасында еліміздің экономикасын цифрландыру қарқынын сақтауға байланысты да ерекше көңіл бөлінді.

«Жақын арада жерге қол жеткізу секілді кәсіпкерлер үшін тағы да бір маңызды мәселе шешілуі керек. Менің тапсырмам бойынша Үкімет жер қатынастарын цифрландыру және отандық бизнестің ауыл шаруашылығына арналмаған жер ресурстарына қол жеткізуін жеңілдету жөнінде заң жобасын дайындады. Сондай-ақ заңда жер қатынастары мен сәулет саласында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету, жер учаскелерін беру мерзімін 1 жылдан 20 күнге дейін қысқарту, мемлекеттік актіні, жерге орналастыру жобасын алып тастау және басқа да бірқатар маңызды мәселелер қарастырылған. Үкімет жыл соңына дейін аталған заң жобасын Парламентке беруі қажет», - деді Мемлекет басшысы.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1291468
Пікірлер

Көрші сілтемелер