Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 19:00 - 2020/10/29

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/123166



Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордада коронавирус жұқтыру дерегі күрт көбейгенін айтты.

«Қаладағы науқастар саны көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 2,1 есеге жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1256,1 адамнан коронавирус анықталған. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш 604,9-ға тең.

Соңғы аптадағы науқастар саны бойынша көрсеткіш алдыңғы аптадан 1,3 есеге немесе 28,7 пайызға жоғары. Қазан айында аурудың өсу тенденциясын ескере отырып, R санының артуы қаладағы карантин шараларын жеңілдетуге мүмкіндік бермейді»,- деді Пірәлиева.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Күніне 15-тен 30 адамға дейін тіркеліп жатыр дейді.

Ал Қазақстанда бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 111 100-ге жетті.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1291456
Пікірлер

Көрші сілтемелер