Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Еліміз халықаралық жемқорлыққа қарсы стандарттарға бір қадам жақындады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:30 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/249572-elimiz-khalyqaralyq-dgemqorlyqqa-qarsy-standarttargha-bir-qadam-dgaqyndady


Кездесуді ашқан ГРЕКО Президенті Марин Мырчело Қазақстанға жаңа 50-ші мүше ретінде қошемет көрсетті. Өз кезегінде Олжас Бектенов отырысқа қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.

ГРЕКО аясындағы белсенді жұмыстың маңыздылығын Президент Қ. Тоқаев ағымдағы жылғы 19 тамызда өткен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес барысында және 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

ГРЕКО қатысушы елдердің жемқорлыққа қарсы тетіктерін осы саладағы танымал халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан өзара мониторинг жүргізу арқылы жетілдіру бойынша өз миссиясын іске асыруда. 2021 жылы ұсынымдар әзірлене отырып, Қазақстан алғаш рет бағалатын болады.

Осы беделді еуропалық ұйымның ұсынымдарын орындау Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жаңа деңгейге шығаруға серпін береді.

ГРЕКО жұмысына белсенді қатысу Еуропа Кеңесінің жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясын және басқа да бірқатар маңызды халықаралық шарттарды одан әрі ратификациялауға мүмкіндік береді.

ГРЕКО-ға мүше болу қылмыскерлерді экстрадициялау, шетелге шығарылған активтерді қайтару бөлігінде шетелдік серіктестермен диалогты нығайтады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1265059
Пікірлер

Көрші сілтемелер