Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Nur Otan» еліміздің солтүстік өңірлері бойынша сайлауалды бағдарламаларын таныстырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 10:30 - 2020/09/22

Нақты Көзі: http://turkystan.kz/article/118557-nur-otan-elimizdi-solt-stik-irleri-bojynsha-sajlaualdy-ba-darlamalaryn-tanystyrdy


«Nur Otan» еліміздің солтүстік өңірлері бойынша сайлауалды бағдарламаларын таныстырды

«Nur Otan» әрбір өңір, қала және аудан бойынша таяудағы 5 жылға арналған 216 сайлауалды бағдарламасының жобаларымен жұртшылықты таныстыруды жалғастыруда. Бүгін басты назарда – еліміздің солтүстік облыстары.

Партияның баспасөз қызметі жалпыреспубликалық партияішілік праймериздің қорытындысы бойынша үздік идеялар мен шешімдерді жинақтай отырып, бағдарлама жобалары краудсорсинг қағидаты бойынша пысықталатынын атап өтті.

Ақмола облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі ауылдарды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу.

Өңірде тау-кен-гидрометаллургиялық кешенін, техникалық алмаздар концентратын шығаратын фабрика, күн электр станциясы мен қоқысты қайта өңдеу кешенін салу жоспарлануда.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, партия 17 сүт-тауар фермасын құру арқылы сүт шаруашылығын дамытуды мақсат етуде. Сондай-ақ, 700 ет фермасын құру арқылы ет шаруашылығын дамыту міндетін де қойып отыр.

Сонымен қатар, 3,4 млн.шаршы метр тұрғын үй, 11 мектеп және 7 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. 556 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіп, 7 ауданда газ тарту желілерін салуға басымдық берілді.

Жастар арасында жұмыссыздықты төмендету үшін партия жыл сайын кемінде 6,5 мың жасты жұмысқа орналастыруға, Құзыреттер орталықтарының ашылуына ықпал етеді. 2 жоғарғы оқу орыны мен 4 колледждің студенттеріне арнап 7 жатақхана салынады.

Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, Қостанай облысы бойынша өңірде туристік саланың әлеуеті жоғары. Оны дамыту үшін инфрақұрылымды, қызмет көрсету деңгейін және білікті кадрларды даярлауды күшейту жоспарлануда.

Мұнымен қоса, партия жолдардың сапасын жақсартуды көздейді. Барлық санаттағы жолдар мен көшелерді қалпына келтіруге жыл сайын шамамен 17 млрд.теңге бөлінбек. Ол 472 мың адам тұратын 118 елді мекенді қамтиды.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға талдау жасай отырып, «Бақытты отбасы» жобасы аясында мұқтаж көпбалалы және аз қамтылған отбасылар көмірмен, отынмен, азық-түлікпен және басқа да көмекпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетеді. Қостанай қаласында 1750 орындық 4 студенттік жатақхана салу, баспана сатып алуға несие беру, бірреттік көтермелеу жәрдемақысын беру арқылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 1500-ден астам білікті жас мамандарды әлеуметтік қолдау және т.б. жоспарлануда.

Павлодар облысында «Nur Otan» партиясы жеңілдетілген несие беруді, келісімшарттық қаржыландыру тетігін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қажетті жабдықтар мен техника лизингін кеңейту арқылы шаруаларға барынша қолдау көрсетуге ниетті. Сондай-ақ, егіс алқаптарын 900 мың га дейін кеңейту, Павлодар ауданының Мичурино ауылында және Ақсу қаласының ауылдық аймағында көтерме-тарату орталықтарын салу жоспарлануда. Павлодар қаласында «алқаптан сөреге дейін» схемасы бойынша фермерлік өнімдердің арнайы базарын салу көзделіп отыр.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында Павлодар облысында кезекте тұрған 9 мыңнан астам адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатын қойып отыр. 5 жаңа мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге 5 қосымша құрылыс салу жоспарланған.

«Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында 2021 жылы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталы енгізіледі. Ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өздерінің қажеттіліктерін ескере отырып, өз бетінше онлайн режимде көмекші, орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстан облысында «Nur Otan» партиясы көлік инфрақұрылымын мен тұрғын үй-коммуналдық кешенді жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен» және «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болады.

Алдағы 5 жылда партия автомобиль жолдарының сапасын кезең-кезеңімен жақсартуға қол жеткізетін болады. Осылайша, 2021 жылы 515 км автожол, 2022 жылы 520 км автожол және т.с.с. жөнделеді.

2025 жылға қарай партия өңірдегі ауылдық елді мекендер тұрғындарының 92,8%-ын орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізуін қамтамасыз етпек. 115 мың халқы бар 142 ауылда сумен жабдықтау нысандарын салу және қайта жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілмек.

Сонымен қатар, өңір жастарының әлеуетін дамыту үшін партиялықтар өз ісін ашуға және бизнес жүргізуге жыл сайын кемінде 500 несие бөлуге қол жеткізетін болады.

Өңірлердің сайлауалды бағдарламаларының жобасымен толығырақ primaries.kz.сайтынан танысуға болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1265057
Пікірлер

Көрші сілтемелер