Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақтан шыққан олигарх Англиядағы ауылдың шырқын бұзды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 10:03 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5040922-aza-tan-shy-an-oligarh-angliyada-y.html



Ұлыбританияның Шығыс Сассексіндегі Ист-Хорсли ауылының тұрғындары қазақстандық олигарх Нұрлан Бизаковтың өзіне тиесілі жылқы өсіретін зауыттың орнына екі жүз үй салуға қарсылық білдірді.

Тұрғындар құрылыс ауылдың 12-ғасырдан бері қалған тарихи келбетін бұзады деп санайды.

Бұл туралы британиялық таблоид Daily Mail хабарлады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Басылымның жазуынша, бизнесмен жылқы өсіретін Hesmonds Stud жылқы өсіретін орынды 2010 жылы сатып алған. Сол кезде Ист-Хорсли тұрғындары бизнесменнің инвестициясын қолдаған. Бірақ 2019 жылы қарашада Бизаков француздық Норманиядағы Montfort & Préaux ат баптайтын жерді сатып алып, Hesmonds Stud жеріне үй салуды шешкен.

Басылымның хабарлауынша, ол шілдеде "ауыл тұрғындарының қарсылығына қарамастан" тұрғын үй кешенінің салынуына рұқсат алған. Наразы тұрғындар сотқа шағымданбақ. Ист-Хорслиде 500 үй бар. Бизаков тағы 205 үй салуды жоспарлайды.

Ист-Хорсли ауылының тұрғыны Джонатан Уокер Daily Mail басылымына Бизаковты жақсы көрші деп санап келгенін, бірақ оның құрылысы мың жылдық ауылдың көркін бұзатынын айтқан.

"Ол Бонд стилінде қазіргі заманға сай зәулім үй салып, жасырын қалды. Меніңше, ол ауылдың көркін бұзып тапқан миллиондарын алып, түбі Францияға кетіп қалады" деді ол.

Нұрлан Бизаков 2017 жылы Forbes журналының Қазақстандағы ең бай 50 бизнесменнің тізіміне енген. Сол кезде оның байлығы 445 миллион доллар деп есептелген. Әр жылдары ол "Қазкоммерцбанк" директорлар кеңесінің мүшесі, "ШНОС" компаниясының басқару кеңесінің басшысы, "Нефтебанк" құрылтайшысы, "Сүмбе" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, "Қазфосфат" компаниясы басқару кеңесінің төрағасы болған.

Hesmonds Stud жылқы баптайтын жерде таза қанды жылқылар өсіріледі. Бұл зауыттың жылқылары Англиядағы бәйгелерде бірнеше рет жүлде алған. Оның аумағы 160 гектар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1265036
Пікірлер

Көрші сілтемелер