Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жасыл желектің есебі жүргізіле ме? – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 09:45 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/zhasyl-zhelekting-esebi-zhurgizile-me/


Жасыл желектің есебі жүргізіле ме? – Астана Ақшамы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе екенін атап өтті. Соның ішінде елорда айналасындағы жасыл желектің ауқымын ұлғайтудың маңызына тоқталды. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі қаладағы жасыл желекті күтіп-ұстаудың және қорғаудың типтік ережелерін түбегейлі өзгерту керек деп есептейді.

Халқымызда «бір тал кессең, он тал ек» дейтін ұлағат бар. Қаланың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы тиісті ережеге дәл осы ұстанымды енгізуді ұсынады. Бірақ әзірге ережеге көп өзгеріс енгізу мүмкін болмай тұр. Бір кесілген тал үшін бестен онға дейін ағаш отырғызу қарастырылып отыр.
Жасыл желекті күтіп-ұстаудың және қорғаудың ел Үкіметі бекіткен типтік ережелері бар. Аталмыш басқарма әділет органдары елорданың дәл осындай ережелерін жаңа редакцияда қабылдамай қоя ма деп күмәнданады. Себебі екі құжат бір-біріне сәйкес келмей қалуы мүмкін. Ал қоғамдық кеңес осы мәселені жан-жақты зерттеп, қаланың құжатына көп өзгеріс пен толықтырулар енгізу қажет деген шешімге келген.
– Елорданың жасыл желекті күтіп-ұстаудың және қорғаудың типтік ережелері ескіріп қалды. Осы жағдай бәрінен бұрын аудандардың әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмысын қиындатып, қолын байлап отыр. Ережелерге аудит бойынша өзгерістерді енгізу қажет. Сондай-ақ қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, Құрылыс басқармалары, басқа ведомстволар арасында өзара байланыс болуы үшін құжатты толықтыру керек. Бүгінгі күнге қалада қанша жасыл желек бар, олардың тұқымдары қандай дұрыс анықталмаған. Бұл мәселеде нақты сандар керек. Аудандардың әкімдіктері жасыл желектің бір бөлігі олардың балансына берілмегенін айтып отыр. Бұл мәселелердің бәрін ретке келтіріп, тиісті ережелерде алгоритмін көрсету керек, – дейді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Жанат Нұрғалиев.
Қаланың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бұл мәселеге айтар өз уәжі бар. Басқарма басшысы Әлия Қожабаеваның айтуынша, олар әзірлеген өзгерістерді алдын ала барлық мемлекеттік органдар мақұлдаған. Оның үстіне Қазақстан экологтары ассоциациясы да қолдап отыр.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында жаңа экологиялық кодекс әзірленгенін атап өтті. Парламентке бұл құжатты жыл аяғына дейін қарап, қабылдауды тапсырды. Алдағы күндері қаланың Жасыл желекті күтіп-ұстаудың және қорғаудың типтік ережелеріне соған сәйкес өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл мәселені шамамен алғанда келесі жылдың қаңтар айында алдарыңызға қайта шығарамыз. Жасыл желекке қатысты заңнамаларды қатайту жоспарланып отыр. Атап айтсам, әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік енгізу қарастырылуда, – дейді Ә.Қожабаева.
Қоғамдық кеңес мүшесі Елдос Абақановтың пікірінше, бұл мәселеде екі кілтипан бар. Біріншісі, жасыл желекті балансқа алу, ал екіншісі, ережені әділет органдарында тіркеу. Оның айтуынша, Орал қаласында Жасыл желекті күтіп-ұстаудың және қорғаудың типтік ережелерінің жаңартылған нұсқасын әділет мекемесі тіркемей қойған. Бұл кепті елорда да киюі мүмкін.
– Таяуда ғана Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық комитетінде осы мәселе талқыланды. Бұл жиынға Экология комитеті мен Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының өкілдері қатысты. Сол жерде жыл аяғына дейін Жасыл желекті күтіп-ұстаудың және қорғаудың типтік ережелерін түбегейлі өзгертіп, Үкімет пен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жіберу ұсынылды, – дейді Е.Абақанов.
Қоғамдық кеңес төрағасы Сансызбай Есілов әріптесінің пікірімен келісе отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына аудан әкімдіктерінің жасыл желекті күтіп-ұстау жұмысын қатаң бақылауға алуды ұсынды.
– Бірінші кезекте қаладағы бүкіл жасыл желектің тізімін жасау керек. Астана құрылғалы бері осы мәселені айтып келе жатырмыз. Бірақ бұл проблема әлі шешілген жоқ. Белгілі бір көшеде қанша ағаш өсіп жатыр? Оның нақты санын білмейміз. Ағаштардың тұқымы мен жасы туралы да мәліметтер жоқ. Осыларды анықтап алсақ, қаланы көгалдандыруды әрі қарай дамыта аламыз, – дейді С.Есілов.
Өткен жылы елордада жасыл желекті есепке алудың мобильді қосымшасы әзірленіп, таныстырылғанын айта кету керек. Алайда бұл жоба қолдау таппай тұр. Жобаны әзірлеген экологиялық ұйым белсенділерінің пікірінше, осы қосымша арқылы жасыл желекке қатысты мәселелерді реттеуге болады. Ал елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы ағаштардың есебін жүргізуге қаржы сұрап отыр. «Егер ақша бөлінсе, бұл жұмысты қысқа мерзім ішінде атқаруға болады» дейді басқармадағылар.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1265012
Пікірлер

Көрші сілтемелер