Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы полициясы күшейтілген қызметке көшті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:42 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/249568-almaty-politsiyasy-kusheytilgen-qyzmetke-koshti


"Екі күндік іс-шара (22-24 қыркүйек аралығында) жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азайтуға, олардың салдарының ауырлығына бағытталған. Оның мақсаты - алдын-алу жұмыстарын күшейту және жол пайдаланушылары арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын азайту.  ЖАІШ күндері жеке құрам күшейтілген нұсқада қызмет етеді. Сондай-ақ, "Қауіпсіз жол" науқаны аясында жолаушылар мен жүктерді автокөліктермен тасымалдауды жүзеге асыруда жол қауіпсіздігін бақылауға ерекше назар аударылатын болады", деп хабарлады Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, бөлімшеде жауынгерлік қызметтің жеке құрамына жүктелген негізгі міндет- жол жүру ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.

"Сондай-ақ, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.  Көбіне жол апатына тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі. Сондықтан мен жол қозғалысының барлық қатысушыларына жүгінгім келеді, көшелерді қатаң белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдерінен және тек жасыл бағдаршамнан өтіңіздер.  Жүргізушілер өте мұқият болуы , жол ережесін бұзбауы және жылдамдықты сақтауы керек", деді полковник Мұраталиев.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1265011
Пікірлер

Көрші сілтемелер