Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сапархан Омаров биылғы астықтың сапасына қатысты түсінік берді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:42 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/saparhan-omarov-biylgy-astyktyn-sapasyna-katysty-tusinik-berdi_a3697351


Сапархан Омаров биылғы астықтың сапасына қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биылғы астықтың сапасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Жаңа егін астығының сапасы жоғары көрсеткіштерге де ие екенін байқауға болады. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жалпы бидай көлемінің 83,8 пайызы 1-3-сыныптарға жатқызылды, бұл көрсеткіш 2019 жылы 67,2 пайызды құраған болатын», - деп түсіндірді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, тиісінше 4-5 сыныпты және сыныпсыз бидайдың үлесі 2019 жылғы 32,8 пайыздан 16,2 пайызға дейін төмендеген.

«Астық қабылдау кәсіпорындарына түскен астық сапасы туралы деректерге сәйкес, дән маңызы жоғары бидай үлесінің едәуір өскені байқалуда, бұл бидайдың маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Стандартқа сәйкес 3-сыныпты бидайдағы дән маңызының мөлшері 23 пайызды құрауы тиіс. Биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғарылады. Мәселен, 3-сыныпты бидай көлемінде дән маңызы 25-27 пайыз болатын астық үлесі 25,4 пайызға жетті.

2019 жылы бұл көрсеткіш 23,4 пайызды құраған еді. Ал дән маңызының мөлшері 28% және одан жоғары болатын жоғары сапалы, жоғары сұранысқа ие HI-Pro бидайының үлесі 59 пайызға жетті, өткен жылы бұл 42,8 пайыз болатын», - деді С. Омаров.

Сапалы өнімнің алынуы мемлекеттің өсімдік шаруашылығына қолдау көрсету жөніндегі мақсатты саясатының арқасында мүмкін болды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1265009
Пікірлер

Көрші сілтемелер