Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


18,2 млн тонна астық бастырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 09:21 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/18-2-mln-tonna-astyk-bastyryldy-kr-auyl-sharuashylygy-ministri_a3697343


18,2 млн тонна астық бастырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті,, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құс еті мен жұмыртқа бағасының өсуіне жол бермеу қажет – Құмар Ақсақалов АШМ басшылығы құс тұмауымен байланысты жағдайды нақтылау үшін СҚО-ға барды Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды

«Биыл елімізде егін жинау жұмыстары уақтылы басталды, бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары. Мәселен, бүгінде республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жиналатын алаңының 93,4 пайызында егін жиналды. Ал өткен жылы осындай уақытта 10,3 млн гектар немесе 67,6 пайызы жиналған болатын. Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн тонна)», - деді министр Үкімет отырысында.

Осы орайда ол дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1264992
Пікірлер

Көрші сілтемелер