Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Балалар Ясауи жайлы аңыздар топтамасымен онлайнда таныса алады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 22:30 - 2020/08/05

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/balalar-yasaui-zhayly-anyzdar-toptamasymen-onlaynda-tanysa-alady_a3680299


Балалар Ясауи жайлы аңыздар топтамасымен онлайнда таныса алады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі Ясауи жайлы аңыздардың балаларға арналған топтамасының онлайнда ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі карантин режиміне қызметін онлайнда жүргізіп келеді. Осы орайда мекеме балалардың жазғы демалысын тиімді пайдаланып, аңыз-әңгіме мен тарихи деректерді кеңінен насихаттау, тарихи орындар мен тұлғалар жайлы тереңірек танып-білуге шақыру мақсатында аңыз-әңгімелер топтамасын балаларға ұсынуды қолға алды.

Тарихи-мәдени қорық-музейі жинақтаған «100 аңыз» кітабындағы аңыз-әңгімелер арқылы Қожа Ахмет Ясауидің балалық шағы, ұстаздары мен шәкірттері, өмірлік жолы мен өнегесі, тарихи орындар мен тұлғалар жайлы бейне көрсетілімдер анимация және деректі фильмдер мен графикалық суреттерді құрастыра отырып сипаттайтын болады.

Балаларға арналған аңыз-әңгімелер «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Facebook-тегі, Youtube-тегі парақшасында, сайтында жарияланады.

Айта кетсек, наурыз айынан бері елімізге белгілі зерттеуші, ғалымдар мен тарихшылар, археологтер және реставраторлардың қатысуымен тарихи-танымдық бағытта онлайн дәрістер мен кездесу, көрме және «Бір жәдігер - Бір тарих» атты бейнешолуы, киелі орындарға бейнесапар, «Экскурсовод сағаты» сынды көптеген бағыттар аясында музейдің тыныс-тіршілігі үздіксіз ақпараттандырылып келеді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1234638
Пікірлер

Көрші сілтемелер