Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Грузияда із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық бала іздестіріліп жатыр - Қазақстан және әлемдегі соң



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:30 - 2020/08/05

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/414213-gruziyada-iz-t-ssiz-zho-alyp-ketken-aza-standy-bala-izdestirilip-zhatyr



Грузияда із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық бала іздестіріліп жатыр


Грузияда таулы аймақта жоғалып кеткен 13 жастағы қазақстандық жасөспірім үш апта бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Илья Пилпани қысқы демалысында Грузияда тұрып жатқан әкесіне қонаққа барған. Алайда карантин болғандықтан елге қайта алмайды. Сөйтіп, 18 шілдеде велосипедпен серуендеуге кетіп, қайтып оралмаған. Құтқарушылар маңайдағы 8 ауыл мен Сванетиядағы қараусыз тұрған барлық ғимаратты сүзіп шыққан. Жеті өзеннің арналары мен тау шатқалдары, жайылымдар мен ормандарды қараған. Бірақ бала әлі табылған жоқ.

Теймураз Мгебришвили, Грузия төтенше жағдайлар қызметінің басшысы : 

– Іздестіру жұмыстарына 80 құтқарушы, полиция бөлімдері, пилотсыз ұшақтар, су көліктері мен шекаралық полицияның тікұшағы жұмылдырылды. Қоғамдық қауіпсіздік орталығы барлық телефон нөмірлері мен хабарласу тетіктеріне Илья Пилпанидің фотосуреті мен үш тілде қысқа ақпарат жіберді. Азаматтарымызды бұл бала жөнінде қанда да бір дерек білсе, 112 нөміріне хабарласуын сұраймыз.

 

 

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1234637
Пікірлер

Көрші сілтемелер