Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстандық жігіт Ливандағы оқиға жайында айтып берді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:00 - 2020/08/05

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/414185-aza-standy-zhigit-livanda-y-o-i-a-zhajynda-ajtyp-berdi



Қазақстандық жігіт Ливандағы оқиға жайында айтып берді


Бейруттегі осы бір жантүршігерлік оқиғағадан кейін сол елдегі отандастарымызбен хабарласып жағдайды сұраған едік. Соның бірі, Ливанда білім алып жатқан Шоқан Уәли. Тыңдайық.

Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам зардап шеккен.  Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері сынған. Желіде жарылыстың видеосы тараған болатын. 

Бейрут портындағы жарылыстың себебі – дұрыс сақталмаған аммиак селитрасы.

Оның алдында теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған болуы мүмкін деген хабар тараған.

Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келгенін хабарлағанбыз. Осы оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді түсініктеме берді.

Бейрутте екі апталық төтенше жағдай енгізілді.

Ливанда 5 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1234613
Пікірлер

Көрші сілтемелер