Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағанды облысында өкпесінің 90 проценті қабынған науқас сауығып шықты - Қазақстан және әлемдегі со



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 20:40 - 2020/08/05

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/414188-ara-andy-oblysynda-kpesini-90-protsenti-abyn-an-nau-as-sauy-yp-shy-ty



Қарағанды облысында өкпесінің 90 проценті қабынған науқас сауығып шықты


Балқашта коронавирустан өкпесі 90 процентке қабынған 40 жастағы науқас бүгін сауығып, отбасына оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол шілденің басында  қалалық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген екен. Екі апта бойы өкпені жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алды. Кейін жағдайы түзеле бастаған. Полимеразды тізбекті реакцияға тапсырған соңғы сынамасы теріс нәтиже көрсетті. 

Айбек Ыбраев, Балқаш қаласының тұрғыны:

– Қиыншылықты көп көрдім, қасымда отырған адамдардың көз алдымда кеткенін көрдім. Басында бұл дерттің барын ойлаған жоқпын. Маскасыз жүре бердім.

Гүлдана Бегалина, провизорлық орталықтың емдеуші дәрігері:

– Ауруханаға келіп түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Өз еркімен тыныс ала алмады. Covid-19-ды емдеу протоколына сай , бірден реанимациялық іс-шаралар жүргіздік.  Ұзақ уақыт ем қабылдап бүгін емделіп шықты. Біз де қуаныштымыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1234605
Пікірлер

Көрші сілтемелер