Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы әкімдігі митингіні заңсыз деп атады | “Адырна” ұлттық порталы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 21:00 - 2020/06/06

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/38740


Алматы әкімдігі митингіні заңсыз деп атады
29

Алматы әкімдігі митинг өткізу тәртібінің бұзылғанын хабарлап, оны заңсыз деп атады. 

Қоғамдық даму басқармасы қала әкімдігіне бейбіт митингілер мен жиын өткізу туралы хабарлама түспегенін, бейбіт жиын өткізуге арнай орындарда ғана рұқсат берілетінін ескертті.

"Айта кету керек, бүгін күшіне енген "Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заң бойынша, митинг өткізу үшін қала әкімдігіне 5 күн бұрын хабарлама жіберу керек", - деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.

 

Заңнамаға сәйкес,  митингті ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны хабарланған.

Қазір қалада бірнеше көше жабылып, арнайы орындар қоршалып тұр.

Еске сала кетсек, кеше Бас прокуратура мен Жандарбек Бекшин митингке қатысты үндеу жариялаған.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото: ашық дереккөз

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1195327
Пікірлер

Көрші сілтемелер