Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:09 - 2020/06/02

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/almatynyn-kogamdyk-densaulyk-saktau-baskarmasyna-zhana-basshy-tagayyndaldy_a3656810


Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қамалжан Талғатұлы Надыров Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Камалжан Надыров осы уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.

Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, «The Fuqua School of Business» Duke University-де (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур) оқу орындарында білім алған.

Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б.О. Жарбосынов атындағы «Урология ғылыми орталығы» бас директорының орынбасары болып бастады.

2014 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары «Республикалық диагностикалық орталық» («University Medical Center») директоры болды.

2017-2019 жылдары Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.

2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесіндегі күрделі жағдайға байланысты, аталған лауазымға тәжірибелі қызметкерлерді – денсаулық сақтау вице-министрі болған Камалжан Надыровты Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына және Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері лауазымына Жандарбек Бекшинді жіберу туралы шешім қабылданғанын хабарлаған болатын.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1191857
Пікірлер

Көрші сілтемелер