Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада әлеуметтік тұрғын үйлер салынады | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 09:39 - 2020/06/02

Нақты Көзі: http://kazgazeta.kz/?p=102100




Елорда әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, тұрғын үй құрылысына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

-Биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. «Қолжетімді жерде орналасу» қағидасы ескерілетін болады. Тұрғын үй ғимаратының бірінші қабаттарында дүкен емес, медициналық орталықтар, полиция пункттері, оңалту орталықтары, балабақшалар салынатын болады. Қолжетімді тұрғын үй салу үшін GLB үй құрылысы комбинаты қайта іске қосылды. Комбинаттың кәсіпорын қызметкерлері алдында 600 млн теңгеден астам және кредиторларға қарызы болған. Мемлекет қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, бірқатар күрделі мәселе шешілді. Бұл жұмыстардың барлығы салынбай тұрған нысандардың құрылысын аяқтау мен қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру үшін жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жұмыс орыны сақталып қалды. Үй құрылысы комбинатының артықшылығы — модульді құрылыс үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды тұрғызу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жазда тағы бір үй құрылысы комбинаты іске қосылады», — деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1191769
Пікірлер

Көрші сілтемелер