Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Оқыған азаматтың» дерті...



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 07:27 - 2020/06/02

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/237572-oqyghan-azamattynh-derti


«Оқыған азамат» біздің зама­ны­­мызда да өзекті. Екі мыңжыл­дықтың асуынан аттап өткен біз де оқу-білімге қатты мән бе­ре­міз. Техника мен технология ғарыш­тық жылдамдықпен да­мып, әлеуметтік психология күр­делі өзгеріске түскен, негізгі құн­дылықтардың бірі ретінде оқу-білім алдыңғы қатарға шыққан осы қоғамның да «тірегі» – мансабы бар, шама-шарқынша ақпаратпен қаруланған, бірқанша тіл білетін, жан-жағына жұғымды оқыған азамат. Оның жеке басының аза­маттығы, адамгершілігі, иманы екінші кезектегі мәселе. Сол үшін оқыған азамат жайынан сөй­легенде біз ең алдымен оның Гарвар­дта ма, Оксфордта ма, әйтеуір бір жерде алған білімін, оның қоғамдағы «байланыстарын» айтуды жөн көреміз...

 Ал Әуезовтің «Оқыған азаматы» кім еді? Ол бір елге тірек болатын атпал азамат па немесе тектілігімен, адамгершілігімен көз тартатын сүйкімді бейне ме? Жоға. Тырнақшаның ішінде тұрғаны-ақ көп жайдан хабар береді емес пе? Бұл азамат ауырып қайтыс болған жолдасының әйеліне үйленіп алғаны аздай, оның шешесінің ажалынан бұрын өлуіне себепші болған Жұмағұл ғой. Оқиға былай болады: Әңгіменің басында Мақсұт атты жігіт ауырып жа­тады. Ол қаладағы оқыған азамат­тардың бірі, мұғалім, әйелі – қала­дағы ең бай кісі Қондыбайдың қызы Қадиша. Кемпір шешесі мен кішкентай Жәмила атты қызы бар. Мақсұт қайтыс болған соң оның жақын жолдастарының бірі Жұмағұл жас жесір Қадишаға үйленеді. Сол тойға олардың ортақ достары мен жолдастары да келеді. Жалғыз Мейірхан есімді жігіт «Бармау керек. Бұл нәрсіздік. Кеше Мақсұттың тойын тойлап, бүгін оның қатыны мен Жұмағұлдың тойын тойламақшымыз ба?» дейді. Қалғандары бұл жайында ойламайды. Әрі қарай оқиға желісі бойынша ерлі-зайыпты Жұмағұлдың ауылына кетеді. Жігіттің ата-анасы Әміре мен Қамария бұларды құшақ жа­йып қарсы алады. Өйткені екеуі де ұлдарының Қондыбайдың қызына үйленгеніне риза. Бірақ бұлардың өздері де малсыз адамдар емес. Сонда да болса «малға мал қосылса құт». Әуелі әкесі Әміре қыр қазақтарының ішіндегі әлділеу біреуге Қадишаның соңынан келген кішкентай қыз Жәмиланы атастыра жаздайды. Жәмила демекші, құныққандар осы құйтақандай ғана қыздан келетін пайданы есептейді. Олар қалаға қайтып барған соң Мақ­сұттың бүкіл жиған-тергеніне Жә­ми­ланы заңды жолмен мұрагер етуді ойластырады.

Соңында Жұмағұл мен Қадиша қаладан іздеп жүріп жас баланың қам­ын жейтін кеңсені тауып, соған арызданады. Ақыры кеңсе Мақ­сұттан қалған мал-мү­лік­тің бәрін «жас баласы – Жә­ми­ла­ға ауысады, со­дан басқа ие жоқ. Ол ержеткенше «опекун» Жұма­ғұл болады» деген бұйрық шыға­рады. Содан жоғарыдан шық­қан бұйрыққа сәйкес бұрынғы құ­дасы Қондыбай кемпірге кісі салып, «үй-мүлкін Жұмағұл мен Жәмиланың атына жаздырып, өзі солардың қолына кірсін»дегенді айтады. Кемпір «келін өзінің артынан келген дүние-мүлікті түгел әкеткен, мен күйеуім­нен, баламнан қалған мүлік­ке ие боп отырмын» деп келіспейді. Соңында кемпірдің есі ауысады. Жұмағұл кемпірдің дүние-мүлкін тартып алмаққа милиция­дан үш солдат алып барғанда кемпір «дүниемді бер­мей­мін» деп жүріп жаны үзіліп кетеді.

 Асқан шеберлікпен жазылған осы әңгіменің астары қабат-қабат. «Оқыған азамат» оқымаған надан кемпірмен «алысып» жүр. «Оқыған азаматтың» жан әлемі жұтаң, есебі мықты. Соңында ол дүние-мүлікті тартып алып «жеңіске» жетеді. Оның жақтастары да көп. Жалпы, негізгі әңгіме осы жақтастарының көптігінде. Оларды бейне бір топан су дерсің. Жолындағыларды жайпап өтеді. Алдымен адамгершілікті ойлайтын «әлсіз» адамдарды олар «заңды жолмен» жеңіп шығады. Заң да осы «оқыған азаматтардың» жағында. Олар жалмауыз сияқты. Олар жалғыз, жетім кемпірді місе тұт­пайды. Олар қолынан келсе жұмыр жерді жалмап қоюға даяр. Бастысы олар ешкімнен қорықпайды, ұялмайды, ешкімді аямайды. Жазушы бір кезеңге ғана тән олықылықты айтып тұрған жоқ. Мінездегі мін, санадағы кемістік, жүректегі ызғар адамды түрлі ауруға ұшыратады. Сол түрлі ауру қоғамды ірітеді. Дүние­қоңыздық та – дерт. Бұл дертіңді «оқыған» дейтін бетпердең жасыра алмайды...  

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1191704
Пікірлер

Көрші сілтемелер