Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бар жақсылық – жеткіншекке – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 06:15 - 2020/06/02

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/bar-zhaqsylyq-zhetkinshekke/


Бар жақсылық – жеткіншекке – Астана Ақшамы

Қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында жұртшылықты Балаларды қорғау күнімен құттықтады.– Ата-аналар мен балаларды 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Балалар – біздің болашағымыз. Мемлекет білім беру саласын дамытуға және ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Әкімдік жұмысты жүйелі негізде жүргізеді. Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен кездесу кезінде бірқатар мәселелер көтерілді. Олардың қатарында оңалту орталықтары желісін кеңейту, инватакси санын арттыру, жұмысқа орналасу және т. б. Қалада ерекше қажеттілігі бар 5,5 мың бала бар. Балаларды оңалту үшін жағдай жасаймыз, – деп жазды А.Көлгінов. Сонымен қатар балалар үшін істеліп жатқан жұмыстарға да тоқталған әкім төмендегі біршама түйінді айрықша атады.
– Біріншіден, өткен жылдан бастап ­церебралды паралич, аутизм, Даун ­синдромы және т. б. диагнозы бар балаларды оңалту орталықтарын кеңейту бойынша жұмыстар басталды:
– Уәлиханов көшесінде орналасқан «Асыл мирас» аутизм орталығын жаңа үй-жаймен жабдықтау аутизм диагнозы бар балаларды екі есе қамтуға мүмкіндік береді;
– Былтыр «Erekshe balalar» оңалту орталығындағы әр балаға кететін бір күндік қаржыландыру сомасы 2820 теңге болса, қазір бұл қаражатты екі есе арттырдық. Әлеу­меттік қызметкерлердің жалақысы өсті, ғимарат берілді. Орталықта БЦП диагнозы, аутизм, Даун синдромы бар балаларға көмек көрсетіледі;
– «Орда» оңалту орталығы Даун синдромы мен аутизмі бар балаларға көмек көрсетеді.
Екіншіден, ерекше қажеттілігі бар балалардың күтімімен айналысып отырған ата-анаға жұмысқа орналасуға, қосымша білім алуға, медициналық көмек алуға және т. б. көмектесеміз.
Үшіншіден, көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақша құрылысы басталды. Ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеж тұрғызамыз. Сонымен қатар, жазда оңалту орталығының құрылысы басталады. Инватакси саны екі есе өсті.
Төртіншіден, жаңа ғимараттардың бірінші қабаттарында медициналық орталықтар, балабақшалар, оңалту орталықтары орналасады. Осы бағытта жұмысты жүйелі негізде жүргіземіз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1191683
Пікірлер

Көрші сілтемелер