Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:18 - 2020/05/29

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/batys-kazakstanda-koronavirus-zhuktyrgandar-sany-kobeyip-barady_a3655652


Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, күні бүгінге дейін 544 адам ауырса, соның 269-ы жазылып шықты.

Қазіргі таңда 275 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Сондай-ақ 20 адам провизорлық, 511 адам карантиндік стационарда жатыр. Үйлерінде оқшауланған 1276 адам дәрігерлердің бақылауында.

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, өңірде соңғы тіркелген 51 адамның (өсім – 10,1 пайыз) 27-сі – Теңіз кен орнынан келген облыс тұрғындары.

Сондай-ақ 10 адам бұрын коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. 12 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған кезде анықталды.

Тағы екі адам – Ресейде жұмыс істейтін Шымкент қаласының тұрғындары. Олар «Тасқала» автоөткелінен өткен кезде карантиндік стационарға жатқызылған.

Облыста індетке қарсы күрес жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тасқала ауылы карантннге жабылғанын жазған болатынбыз.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1189537
Пікірлер

Көрші сілтемелер