Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құрдым (төрттаған)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:30 - 2020/05/28

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/237056-qurdym-torttaghan


Әлгі бейтаныс данышпан болды ма, жоқ па, әйтеуір осы тәмсіл қалыпты. Жалпы, ой кешу дегеннің өзі – тоқтамас қозғалыс, қалғымас ұмтылыс, бітіспес күрес емес пе?! Мәселе – не нәрсемен күресу екендігінде. Ұлы армандар мен мұраттар, еркіндік пен азаттық, махаббат пен сенім, өмір мен күн үшін күрестің қайсысы да шындық пен ізгіліктен бастау алады. Әркім өз шындығы, өз ізгілігі үшін.

Ницше, «Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағында» еңбегінде «Құбыжықтармен алысқан кімде-кім өзі де құбыжыққа айналып кетуден сақтану керек. Егер де түпсіз құрдымға тым ұзақ қарар болсаң, бір уақта құрдым да саған қарай бастайды» дейді. Бұдан шығатыны не? Кісі өлтірушіні жазалушы адам да кісі өлтірушіге айналады. Басқыншылардан халқыңды қорғау үшін өзің де басқыншы боласың. Шындықтың соңына түсіп қуған адам да шындықтан қашқандай бейнеде болады. Өзгенің қателігін мойындатушы адам өз қателігін мойындамайды. Сатқындық сатқындық арқылы ғана әшкереленеді. Бірін ізгілік, бірін зұлымдық атағанымызбен, айналып келгенде, бұл – бір нәрсенің екі сипаты ғана. Бұл – құрдым, Ницше құрдымы.

4

Конан Дойл құрдымы

Детектив жанрының таңғажайып шебері жайлы тақырыпты осылай төтесінен қойғанда Артур әлемімен таныс оқырман бірден әңгімеміз оның соңғы романы «Марокат тұңғиығы» жайында екен деп ойлауы мүмкін.

Атлант мұхитының астынан Платон атланттарының әлемін Сайрес пен Биллге ілесе іздеудің алдын алып, Конан Дойлдың өзгеше сенімі мен ерекше қызығушылығы жайына тоқталғым келеді. Есіңізде ме, өткен ғасырдың алғашқы ширегінде Коттингли қыстағындағы апалы-сіңілі бүлдіршін қыздар Элси мен Фрэнсистің феялармен суретке түскені. Конан Дойл осыған жан-тәнімен беріле сенбегенде, бұл суреттің дақпырты қыстақтың жынындағы қырдан аспауы да мүмкін еді. Бірақ, асты. Мұхит асты.

Ұтымды мистификацияға алданған жазушы оны жариялады. Жариялауына себеп, Артурдың спиритуализмнің асқан жақтаушысы болғандығы еді. Әрбір шығармашылық адамы секілді, Артур да арманшыл, мына дүниеде бір ғажайыптың барына сенеді. Алайда, оның сенімі ерекше. Осы сенімі шығармашылығынан да көрініс тапты, өміріне де ықпал етті. «Марокат тұңғиығында» өз кейіпкерлерін «Түнек әлемінің Тарханымен» жолықтырды.

Конан Дойл құрдымы дегенде, ақындар мен жазушылардың жеке қызығушылығы мен сүрлеуі бөтен ізденісі кейде олардың шығармашылығын байытса, кейде әдебиеттің өз сауалдарынан, поэтикалық ойдан, шынайылықтан, нақтылықтан жырақ алып кететін айтқым келеді. Жалған ілім, жасанды таным, жорамалдар мен болжамдар, тіпті нақты ғылымның өзі белгілі бір қаламгерлердің құрдымына айналады. Оны қаламгер ретінде жұтып тынады. Осы ретте, сөз арасында жазушыға тарихшы болу, саясатпен айналысу, публицистикалық ойларды өлеңге салу және басқа да әдебиеттен тысқары мәселелермен құныға шұғылдану қажет пе деген сауал жылт ете қалады.  

1

Андреев құрдымы

Шу шықты. Жанжалға ұласты. Жаға жыртуға барыспаса да, жан ауыртуға жетті. Осы әдеби айқайдың арасынан Толстойдың, Буниннің, Горькийдің және Андреевтің дауысы жарқын-жарқын естіліп жатты...

Ал, орманға барар шөп басқан соқпақта Зинаида Николаевна мен Немовский кітаптар мен адамдардың арасынан, аңсарлар мен қалаулардың, тазалық пен ластықтың, үнсіздік пен айқайдың, жабайы истинктер мен жалған интеллектуализмнің арасын көктей өтіп, шексіздік пен махаббат жайлы сырласып келе жатты. Келе жатты. Немовскийдің шұңқырына, Зинаның шалғынына дейін. Құбылып тұрған қара құрдым жұтып тынғанша.

Орыс экспрессионизмінің әкесі Леонид Андреевтің «Құрдымы» өткен ғасырдың әуелінде ғана емес, қасиеті мен қасиеті қатар өрілген бүгінгі заманда да жан түршіктіреді. Не сұмдық ақпараттың да оқырманы болған жаңа адам бұдан неге шошиды? Неге үрейленеді?

Бұл жерде жазылған әңгімені емес, жазылмаған әңгімені оқу керек. Сөзді емес, сөз арасындағы ойды. Оқиға форма үшін ғана. Мазмұн – құрдымның өзі. Адам табиғатының ең сұмпайы, ең жауыз құрдымы. Махаббаттың алғашқы формасы – «Сен қаш, мен қуып жетейін» арқылы берілген құрдым идеясы қорғаудың қорлауға қалай оңай айналатынын ашып береді.

5

Кекілбаев құрдымы

Түпсіз шыңыраудан төбедегі жылт еткен сәулеге телмірген, сол сәуле өткен өміріне жарық түсіргенде жаны алақайлаған, бүгініне түскенде тұла бойы мұздаған, ертеңіне түскенде – ерке қиялдары есін алып, еміреткен Еңсеп, бұла Еңсеп, сорлы Еңсеп, бай Еңсеп, кедей Еңсеп, даңқты Еңсеп, атсыз Еңсеп...

«Бәрі де болғансың, ешкім де емессің» дер еді Борхес. Қараш әулетінен қалған тұяқ, көзін құдықта ашқан, ақбоз үйге кіре алмаған, шөккен түйеге міне алмаған құдықшының бар өмірі – қадақ жерді қаңғырлап, сүйем жерді салдырлап өткізген күбі шелектің күні секілді еді.

«Құдықшының жалғыз серігі – үрей». Осы үрей өмірдің түнекте текке өтерінен басталып, жалғыздық, даңқ пен дақпырт, қошемет пен мәжбүрлік, аштық пен атаусыз қалу, байлық пен жоқтық, атақ пен айбат, елеусіздік пен еленбестік, жеңілу мен керексіз болудың үрейіне дейін ұласады. Осының бәрі кісі баласының кеудесіндегі өз құрдымы. Осы үрейлердің бірі күшейген кезде, иіріліп, ұйыққа айналып, ақыры адамның жанын тартып кетеді. Еңсептің ең соңғы құдығы секілді. Бізді үрейлер билейді. Үрей тұрғызады, жүргізеді, айтқызады. Кекілбаев құрдымы да бізді үрейлендіреді.

7

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1188884
Пікірлер

Көрші сілтемелер