Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкенттің кіреберісіндегі блок-бекеттер жұмысын жалғастырады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:48 - 2020/05/25

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/236484-shymkenttinh-kireberisindegi-blok-beketter-dgumysyn-dgalghastyrady


– Блок-бекеттер мәселесі бойынша тұрғындардан көптеген сауалдар келіп жатыр. Дегенмен, елімізде 11 мамырда төтенше жағдай алынғаннан кейін тұрғындар арасында карантин талаптары тиісті деңгейде сақталмауы салдарынан Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны күрт өсті. 11-18 мамыр аралығында күніне ең жоғарғы көрсеткіш 77 адам болды немесе өсімі 28,8% құрады.
 
Осы блок-бекеттерде сырттан келген 8 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды. Сондықтан Шымкент қаласына кіріп-шығатын жолдарға қойылған блок-бекеттердің жұмысы жалғасады, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
 
Айта кетейік, қалада санитарлық тексеру жұмыстары күшейтіліп 4 136 нысанда мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 127 әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде, 65 ескерту, 43 айыппұл, 19 әкімшілік қамауға алынды.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1186202
Пікірлер

Көрші сілтемелер