Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтауда екі бірдей жол апаты болды. Қаза болғандар бар-- Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 10:30 - 2020/02/17


Кеше, 16 ақпанда Ақтауда түстен кейін бірнеше жол апаты орын алып, үш бірдей адамның өмірін қиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Ақтау.jpg

Алғашқы жол апаты Ақтау әуежайына апарар жолда, шамамен сағат 13:30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 12:30-да) орын алған.

Lada.kz басылымының жазуынша, BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, салдарынан көлік жарық бағамына соғысқан. Соққының қатты болғаны соншалықты көлік аударылып кеткен.

Басылымның дерегіншше жол-көлік оқиғасынан 2002 жылғы жас жігіт қайтыс болды. Одан бөлек 1998 және 2001 жылы туған (үшіншісінің туған күні көрсетілмеген - ред.) тағы үш жас жігіт зардап шеккен. Олардың барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына әртүрлі жарақаттармен жеткізілген.

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері барған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, іс ҚР ҚК 345 бабы бойынша тергелуде, сондай-ақ сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Екінші оқиға "Ақтау - Форт-Шевченко" тас жолының 19 шақырымында, кешкі 19:30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 18:30-да) болды.

Жол апатының салдарынан 1985 жылы туған ер адам мен 1970 жылы туған әйел қайтыс болды. Олардан бөлек, 1993 жылы туған және жасы 35-38 шамасындағы екі ер адам жапа шеккен. Олар екеуі де ауыр жағдайда Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, 15 ақпанда Маңғыстау облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=1115005
Пікірлер

Көрші сілтемелер