Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-11505228247 %53 %

Қайрат Нұртас «сыйға - сый, сыраға - бал» дегенді білмей ме?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Серке ақпарат

Жолданған уақыты: 05:03 - 2013/03/15

Қайрат нұртас «сыиға - сыи, сыраға - бал» дегенді білмеи ме?


қайрат нұртас «сыиға - сыи, сыраға - бал» дегенді білмеи ме?
қайрат нұртас «сыиға - сыи, сыраға - бал» дегенді білмеи ме?

қазыр естрәдә әншілерінің ішінде қайрат нұртастың аты дүркіреп-ақ тұр. ол көрер-көзге өз әріптестерінен оқ бойы оза шауып, теледидәр, гәзет-журналдың бетінен түспеитін, интернет-сайттарда ең көп талқыланатын әншіге айналып барады. басқасын айтпағанда, кеибір басылымдар әншінің ішкен-жегенінің өзін теберік көріп, негізгі жұмысын былай ысырып, жоқтан бар жасап қос бетті түгел қамтитын көлдеи мақала басатын болды. ал қайрат көнтсерт берген кезде еліміздің ең үлкен деген көнтсерт залдары аузы-мұрнынан шыға адамға лықа толып, көнтсертті қайталап, қайтара ұсынса да көрермендер әншіні жаңа көргендеи жапырылып келетін болды. әншінің әні жазылған клип-табақшалары сауда орындарында республикәғә кеңінен танымал естрәдә жұлдыздарының таңдаулы өнімдерін бұйым құрлы көрмеи біртіндеп тықсырып бара жатыр. осыдан-ақ қайраттың халық арасындағы дәрежесінің қандай екенін шамалай беріңіз.

қайрат нұртастың мұндай жетістікке жетуінің сыры кім-кімді де толғандырмай қоймайтыны анық. мұның бәрі, біріншіден, халықтың талантты ұлдарына деген ыстық ықыласы мен қүрметінің арқасы болса, екіншіден, үлкен талант, ізденіс, тоқтаусыз әрекет, тынымсыз еңбектің нәтижесі екені белгілі. әйтсе де, әншінің жастығынан ба, әлде басқа себебтері бар ма, кім білсін, әйтеуір өзінің осындай биіктерге көтерілуінің бір ұшы хәліқпен ұштасып, астарласып жатқанын ойына да алмайтын секілді. оған дәлел өткен жылғы семеи жұртын көнтсерт берем деп шақырып алып, үн-тұнсыз зым-зя кетіп, жұртты шала бүліндірген қылығы. сосын, қайраттың көнтсертіне сатылатын билеттерінің, клип-табақшаларының құны халықтың қалтасына әжептәуір салмақ салып тұрғандығы. осындай жәйләрдің халыққа жәйсіз тиетіндігі ұлтшыл азаматтарымызды мазалаған болу керек, «ымды түсінбеген дымды түсінбеиді» дегенге келтіріп, жақында республикәғә танымал гәзеттің бірі «замана» «қайрат нұртас «жарып» тұр» атты мақала басты. онда қайраттың елемеи қоя салуға болмайтындай сөздер бар екен.

«республикә сарайындағы көнтсерт кезінде ерекше көзге ұрған жәйт, әнші қайрат нұртастың «фанаттарында» есеп жоқ екен. көнтсерт үстінде оның даусына шыңғыра үн қосып отырған жас бөйжеткендер, оның жанына жүгіріп барып құшақтап суретке түскісі келгендер өте көп болды. ал гүл ұсынушыларға сан жетпеиді.
не деген қүрмет, не деген қүдірет! мұнда өзі қандай сыр, қандай сиқыр бар? бұл өте таңқаларлық жағдай!
мына мәселеге де назар аудара кетеиік. қайраттың көнтсертін тамашалауға келгендер, оның талантына табынушылар негізінен қарапайым адамдар болып келеді. қалада туып-өскендер, өзге елдердің жұлдыздарын жақсы білетіндер оны мойындай бермеитін секілді.
бұдан шығатын қорытынды, бізде қарапайым адамдар өте-мөте көп екен. нақ солардың көңілінен шыға алсаң, жағдайың да жаман болмайтын секілді. екіншіден, енді қайратты өзін әлі де болса мойындағысы келмеитіндер, оны онша қабылдай алмайтындар жағы ойландыруы керек»
деп жазды гәзет.

«замана» шындықты жазыпты. әсіресе, «оның талантына табынушылар негізінен қарапайым адамдар» дегені өте дұрыс. оны қайраттың көнтсертіне барғанда өзіміз де көріп жүрміз, қайраттың өнеріне табынатындардың көпшілігі ауылдан қалаға жаңа келген жандар екені бірден білінеді. білініп қана қоймайды, оларға деген аяушылық сезімді қоздырып, адамның көңілін бұзып, біртүрлі қылады. сондай бір оқиға автобуста болды. енді сол әңгімені баяндап өтелік.

әвтөбуспен жолда келе жатқанымызда 45-50 жастағы әйел өз қызының қылығын қасында отырған өзі қатарлас құрбысына шағып отыр екен. еріксіз құлақ түруге тура келді. «ештеңені көрмеи, білмеи отырса меилі ғой, қызым өткенде алты мың теңге төлеп қайрат нұртастың көнтсертіне барыпты. зорға күн көріп отырғанымызды көріп-былып отырып, қызымның бұл істегеніне қалай күймеиін... сүтін балалардың таңдайына басып отырған жалғыз сиырымызды сатып, алматыға оқуға жібердік. қайрат нүртәспен қолтықтысып суретке түстім деп мәз болады. алты мың теңгеге екі қап ұн алып, ұй-ішімізбен екі ай талғажау ететін едік, қашан есі кіретінін білмеимін. қызымның ештеңеге басы жетпегеніне күйіп кетем...» - деп мұңын шағып жатыр екен ол.

мұндай жәйләрді күнделікті көріп жүрсек те, әншіге «көнтсертіңнің билетін арзандат» деп айтудың өзі ыңғайсыз. монополяға қарсы әгенттіктің де қарсы тұрып дау айтуға дәті бара қоймайтын шығар. нарықтық заман екенін халық түсінеді. дегенмен, ұлтымыздың бір пұшпағы боп саналатын қайрат нұртастың болашақта мұнан да үлкен биіктерді бағындыру ойында болса, осындай нәрселерді ұсақ-түйек деп қарамай, халықты хал-жағдайын әрдәйім қәперге алып, ойланып, толғанып барып іс қылатынына сенгіміз келеді.

сәкен түсіпбек

айдары: текемет
15.03.13
25 оқылды
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=39&id=110920
Пікірлер

Жолдаушы №: 3990 - Уақыты: 2013/11/06 - 07:30

Мейрәмбекті баяғыда басып озған.

Жолдаушы №: 3989 - Уақыты: 2013/11/06 - 07:28

Қайрат Нұртастың Қызылжар қаласында көнцерті болды. Халық залға сыймады, көнцерт керемет күшті өтті.

Жолдаушы №: 3297 - Уақыты: 2013/05/22 - 12:57

Өлесіңдерме? меиірәнбекке жетпеиді.

Жолдаушы №: 2785 - Уақыты: 2013/03/17 - 14:09

他撒时候来中国。他来了吗我不去。我门县不来。

Жолдаушы №: 2781 - Уақыты: 2013/03/17 - 06:04

Қайрат нұртас қытааға қашан келеді?

Жолдаушы №: 2780 - Уақыты: 2013/03/17 - 06:03

Қайрат нұртас қытайға қашан келиеді?

Жолдаушы №: 2779 - Уақыты: 2013/03/17 - 06:02

Қайрат нұртас қытааға қашан келиеді?

Жолдаушы №: 2768 - Уақыты: 2013/03/16 - 08:23

Жақсы

Көрші сілтемелер