Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-02-211084260350 %50 %
2020-02-22736167358 %42 %
2020-02-231310451565 %35 %

Қаламгердің көркемдік әлемі — «Ана тілі» Ұлт газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 21:07 - 2020/01/22



Алматыдағы Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетова атындағы залында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» романының тұсаукесері өтті. Жиынды жазушы Жүсіпбек Қорғасбек жүргізіп, кітаптың тұсауын ақын, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай мен ақын Любовь Шашкова­ кесті. Іс-шара барысында сөз алған ­жазушы Нұрдәулет Ақыш: «Көркемдік әлемді игеру ақын, жазушы үшін ең бір қиын шаруа. Сәуленің жеткен жетістігі – тақырыпты таба білуімен қоса, сол әлемді игере алуында. Шығарманы бейжай оқу мүмкін емес. Бұл кітаптағы оқиға кейіпкердің ғана емес, қазақтың қасіретін сезім арқылы жеткізе білген» деді. Ал әдебиет сыншысы, филология ғылымының докторы Айгүл Ісмақова: «Қазақ жері, Абайдай ұлылардың мекенінде полигон болып, қаншама жыл қаншама ұрпақ зардап шегіп келеді. Деген ол туралы көлемді, романға сай шығарма осы күнге дейін жазылмапты. Жазушы тақырыпты сәтті алып шықты» деген пікірін білдірді. Кітап авторының өзінің айтуынша, бұл тақырыпқа келуіне жары, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев тікелей себепші болған екен. Семей өңірінде бірталай жыл қызмет еткен С.Тоқпақбаев сол уақыттың естеліктерімен бөліссе, жас әдебиеттанушылар жаңа кітап туралы толғамды ойларын айтты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=1100400
Пікірлер

Көрші сілтемелер