Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-02-261765441333 %67 %
2020-02-271730444139 %61 %
2020-02-28909232238 %62 %

Елімізде жаңа музыкалық телеарна ашылды - Әуен | Tengrinews



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 04:40 - 2020/01/19


Елімізде жаңа музыкалық телеарна ашылды - Әуен | Tengrinews
Елімізде жаңа музыкалық телеарна ашылды 17 Қаңтар, 12:38
0
Елімізде жаңа музыкалық телеарна ашылды -

Елімізде жаңа музыкалық телеарна ашылды. 2019 жылдың бірінші желтоқсанында жаңа музыкалық телеарнаның тұсаукесері Алматы қаласында "JYL TANDAYY" ұлттық музыкалық тележүлдесінің аясында өтті.

Бүгін таңғы 08:00-де жаңа телеарна ALMA TV кабельдік операторының желісінде тұңғыш рет эфирге шықты.

Қалың көпшілікке жол тартқан BRIDGE TV QAZAQSTAN – отандық телеарна. Қазақстанның үздік әндерімен қатар Ресейдің үздік музыкалық туындылары, концерттер, танымдық, сауықтық бағдарламалар эфирдің негізін құрайды.

Жалпы, Bridge TV бренді ресейлік Bridge media музыкалық холдингіне тиесілі. Bridge media телеарналар тізімінде Bridge TV, Bridge Classic, Bridge TV Deluxe, Bridge TV Русский хит және Bridge TV Hits-тен жаңадан ашылған Bridge TV Qazaqstan алтыншы болып ашылғалы жатыр.

Телеарна Қазақстан музыкалық кеңістігінде кәсіби телевизиялық өнімдердің жаңа толқынын бастауды және музыкалық индустрияны қарқынды леппен дамытуды көздейді. Амбицияға толы шығармашылық және ұйымдастырушылық топ "біздің телеарнаны слоганымызға сай "Бұл нағыз музыка!" деп тамашалайсыз деп жеткізуде.  

Телеарна тізгіні медиа-менеджер Нариман Қойшыбаевтың қолында. 2008 жылы "Хабар" Агенттігінде" қызмет жолын бастаған. "Қазақстан" ұлттық арнасының продюсері, "Ел арна" телеарнасының" креативті директоры, "Жетінші арнаның" бас продюсері қызметтерін атқарған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=1098383
Пікірлер

Көрші сілтемелер