Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде жоғарғы соттың судьясы Елена Максюта мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы уақытта орташа ауыр және ауыр қылмыстар бойынша ақталғандар көбейген. Жалпы еліміздегі сот жүйесі жыл сайын жетілдіріліп келеді. Судьяларды іріктеу жүйесі қатаңдатылған. Сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың бірі «Виртуалды сот» қызметі. Оның көмегімен тараптар процестерге әлемнің кез келген елінен смартфон арқылы қатыса алады.
Елена Максюта, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:
- Алқа билер сотымен қаралатын істердің саны артқанда, қылмыс жасады деп айыпталғандардың конституциялық құқығының толық сақталуына қол жеткізе аламыз. Қазіргі таңда аса ауыр қылмыстар бойынша алқа билер соты қарайтын істерді 13 құрамнан 32 құрамға дейін көбейту туралы заң жобасы әзірленген. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқығын қорғауға оң әсер етеді деп ойлаймыз.