Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елбасы ERG компаниясының ұжымын мерейтойымен құттықтады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 01:30 - 2019/12/13

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/360845-elbasy-erg-kompaniyasyny-zhymyn-merejtojymen-tty-tady



Елбасы ERG компаниясының ұжымын мерейтойымен құттықтады


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық топ құрамына кіретін кәсіпорындардың ұжымын компанияның 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің Тұңғыш Президенті Еуразиялық топтың Қазақстанмен бірге ширек ғасыр уақыт тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

Тәуелсіздік жылдарында аталған компания бірқатар қиын кезеңдерді еңсере білді. Дамыды. Өсті. 150 мыңнан аса жұмыс орнын ашты. Өндірісті дамыту үшін ERG 13 миллиард доллардан астам қаражат жұмсады. Бірқатар әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың жүзеге асуына қолдау көрсетті. Елбасы табысты еңбек ете білген іргелі компанияның ұжымын 25 жылдық мерейтойларымен құттықтай отыра, одан әрі даму қажеттігін айтты.

Жасанды зияткерліктің дәуірінде өндірісті де барынша жаңа технологияларға негіздеу керектігін атап өтті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1083596
Пікірлер

Көрші сілтемелер