Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-231834676963 %37 %
2020-01-241670648361 %39 %
2020-01-25830265260 %40 %

Шымкент полицейлері балалар үйінің жеткіншектерімен бірге жаттығу жасады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:27 - 2019/12/12


Шымкент полицейлері балалар үйінің жеткіншектерімен бірге жаттығу жасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент полициясына қарасты жылдам қимылдайтын арнайы жасақ шаһардағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен таңғы жаттығу өткізді. Бұл жөнінде өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да ауыл кәсіпкерлері учаскелік полицейге қызметтік баспана салуда Түркістан облысының әр ауданында полицейлердің саптық байқау өткізілуде Сын сағатта ерлік көрсеткен полицейлер жайлы не білеміз

Жастар жылы аясында Шымкент қалалық полиция департаменті жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері №4 балалар үйінің жеткіншектерімен бірге таңғы жаттығу жасады. Мұнда 4-тен 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.

«Полицейлер балаларға дене шынықтыру жаттығуларының кешенін көрсетті. Балалар полиция қызметкерлерімен бірге отырып-тұру, еңкею, аяқпен сермеу, секіру секілді іс-қимылдарды бар ынтасымен орындады. Жаттығудан кейін полицейлер жауынгерлік күрес тәсілдерінің элементтерін көрсетіп, балалармен қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады. Балалар бос уақытын пайдалы әрі көңілді өткізді» делінген хабарламада.

Іс-шараның мақсаты - балаларды салауатты өмір салтына баулу және дене шынықтыру негіздерін үйрету.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері балалар үйіне тұрақты барып тұрады. Спорт жаттығудан басталады, ал тәртіп сақшыларымен жаттығу - еліміздегі құқықтық тәртіп пен ұлт денсаулығының кепілі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1083263
Пікірлер

Көрші сілтемелер