Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша келіссөз басталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 13:00 - 2019/12/11

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/102222



10 желтоқсанда Түркия, Иран және Ресей делегациясы Сирия бойынша келіссөзге қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келді. Бұл жөнінде сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Келіссөз сегіз жылға созылған Сириядағы жанжалды шешуге және соғыстан кейінгі ел Конституциясын әзірлеуге және босқындардың қауіпсіздігі мен оларды орналастыру мәселелеріне арналған.

Бұл Астана процесі деп аталатын 14-кездесу болмақ. Бірінші кездесу БҰҰ-ның араағайындығымен 2017 жылы Түркияда өткен.

Қазақстанның стратегиялық институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев Euroactiv сайтында мәлімдегендей, кездесу кезінде Сирияның солтүстігіндегі Идлиб ауданы мен Евфрат жағалауындағы техникалық мәселелер талқыланады.

"Бұл күрделі аудан, онда түріктер де, күрдтер де және "Ислам мемлекеті" тобының қалған террористері де бар", - деп атап өткен ол.

Қазақстан астанасында өтетін Сирия бойынша келіссөздер БҰҰ араағайындығынан бөлек өтіп жатыр.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1082785
Пікірлер

Көрші сілтемелер