Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордалықтар Тәуелсіздік күні мерекелік отшашуды қай жерде тамашалай алады - Қазақстан және әлемдегі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 12:50 - 2019/12/11

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/360421-elordaly-tar-t-uelsizdik-k-ni-merekelik-otshashudy-aj-zherde-tamashalaj-alady



Елордалықтар Тәуелсіздік күні мерекелік отшашуды қай жерде тамашалай алады


16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды қаланың барлық аудандарында тамашалай алады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік отшашуды астаналықтар Есіл өзенінің жағалауынан (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Хан шатыр маңында (Есіл ауданы), сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында (Алматы және Байқоңыр аудандарының қиылысында) тамашалауға мүмкіндігі бар.

Отшашу жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталып, 10 минут бойы жалғасады.

«Фейерверктің техникалық сипаттамаларына сай, әр нүктеден 4500-ден 5000-ға дейін фейерверк ату жоспарлануда. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында әр нүктеде 7 адамнан жұмыс істейді. Сондай-ақ мерекелік отшашу қаланың биік ғимараттарымен қоршалмаған кез келген нүктесінен көрінетіндігін атап өту қажет», - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, отшашу өткізуге бюджет қаржысы жұмсалмайды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1082780
Пікірлер

Көрші сілтемелер