Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-191033433346 %54 %
2020-01-201839508052 %48 %
2020-01-21666174746 %54 %

Стрейзанд эффекті қалай пайда болды? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 12:45 - 2019/12/11


Стрейзанд эффекті қалай пайда болды? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Стрейзанд эффекті қалай пайда болды?

Актриса Барбара Стрейзандтың 2003 жылы басынан өткен оқиғасы тұтас әлеуметтік феномен тудырды. Актриса Калифорния жағалауында орналасқан өз үйінің әуеден түсірілген суретін интернеттен көріп, жариялаған авторды сотқа береді. Осылайша суретті өшіртіп, назардан тыс қалдырамын деген актрисаның әрекеті керісінше жағдайды ушықтырып, шағымнан кейін жұрттың суретке деген қызығушылығы одан сайын арта түседі.

Стрейзандтың шағымына сәйкес, сурет арқылы авторы Кеннет Адельман адамның жеке өміріне қол сұққан.

Барбара Стрейзандтың үйі

Алайда бұл сурет California Coastal Records Project жобасына арналған еді. Оның мақсаты – Калифорния жағалауындағы топырақ пен қыртыстардың эрозиясын зерттеу. Суреттердің біріне Стрейзандтың үйі түсіп қалған еді. Актриса кейін автор мен Pictopia.com сайтын сотқа беріп, 50 миллион доллар өтемақы талап етеді. Адельман айыпты жоққа шығарып, бұл суреттің мақсаты басқа және 12200 фотосуреттің бірі екенін айтады. Сот Стрейзандтың шағымын қабылдамай, керісінше фотографтың сот процесіндегі 154 мың доллар көлеміндегі шығынын өтеп беруді талап етеді.

Стрейзандтың адвокаттары сотқа шағым жасамас бұрын сурет 6 рет қана жүктелген. Оның өзінде екеуін адвокаттар жүктеген. Сот процесінен кейін сурет 420 мың рет көріліп, суреттің өзі жүздеген сайтта жарияланды. Екі жылдан кейін журналист Майк Мэсник басқа бір оқиғаны баяндағанда "Стрейзанд эффекті" тіркесін қолданды. Осылайша бұл феномен ретінде айналымға еніп кетті.

Стрейзанд эффектіне мысалдар

1. 2014 жылы Лондон таксистері Uber сервисіне қарсы шығады. Себебі Uber арқылы кез келген адам таксист болып ақша таба алады. Бәсекелестерінің қарсы акциясынан кейін Uber қосымшасын біршама тұрғын жүктеп алып, көрсеткіші 859%-ке асып түскен.

2. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда Эфес қаласының тұрғыны Герострат атақты Артемида храмын өртеп жіберген. Қылмыскер ұсталған соң, өз есімін бүкіл үрім-бұтағы есте сақтасын деп мәлімдейді. Билік Геростратты өлім жазасына кесіп, халыққа оның есімін атамауға бұйрық етеді.

3. 2013 жылы Sony компаниясы Солтүстік Кореяның экс-президенті Ким Чен Ын туралы "Интервью" атты комедия түсіре бастайды. Бұны білген КХДР билігі фильм авторларын айыптап, ашық ғайбаттай бастайды, тіпті АҚШ-қа қарсы соғыс ашамыз деген де сөздер айтылды. Ақыр аяғында фильм туралы барлығы естиді.

Бұл феноменді Кобра эффектісіне ұқсатуға болады. Кобра эффекті – белгілі бір ушыққан жағдайдың алдын алу үшін қабылданған шешім, кері әсерін беретін құбылыс.

Британ империясы Үндістанды билеген тұста кобра саны күрт өсіп кеткен. Ағылшындардың біршамасы зардап шегіп, біразы әбжылан уынан көз жұмған. Субтропиктік аймаққа бейімделмеген ағылшындарға бұл, әсте, ұнамайды. Отарлаушылар бірден күресті бастап кетіп, "әр кобра басына сыйақы тағайындалады" деп халыққа хабар таратады. Күн сайын өлген кобра арқалаған жұрт ағылып жатады.

Мәселе шешілгендей көрінген, бірақ кобра саны азаюдың орнына бұрынғыдан да көбейе түседі. Себебі, сыйақыға әуестенген тұрғындардың көбі әбжыланды асырап, санын көбейте бастайды. Кобра популяциясының асқынғанын түсінген билік сыйақыны алып тастайды. Ал жылан асыраған тұрғындар амалсыз кобраның бәрін таратып жібереді. Нәтижесінде кобра саны бұрынғыдан да артып кетеді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1082777
Пікірлер

Көрші сілтемелер