Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-272008846265 %35 %
2020-01-281599433536 %64 %
2020-01-2933577141 %59 %

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкер сыйлыққа шұлық алғаны рас па? - Қазақстан және әлемдегі соңғы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 01:30 - 2019/12/11



Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкер сыйлыққа шұлық алғаны рас па?


Жамбыл облысында мемлекеттік мекемелер жаппай тексеріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Облыстық арнайы мониторингтік топ қызметкерлердің кабинеттерін аралап, сыйлыққа берілген заттарды анықтауда. Өйткені мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға заңмен тыйым салынған.

Дегенмен, рейд басталған екі күннің ішінде облыста заңға қайшы 4 дерек анықталды. Сыйлыққа киім-кешек, тіпті шұлыққа дейін алғандар бар. 

Рейдтік шара облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан басталды. Жұмыс тобы мекеме басшысымен тілдесіп кабинетін көріп, заңбұзушылық анықталмады. Бұл мекемеде сыйлық беруге келген адамдарды кіргізбеу жөнінде нұсқаулық бар екен.  

Кешелі бері мамандар осындай 20-дан астам мекемеде болып, тексеру жүргізген. Байқағанымыз, кейбір мекемеге оңай кірсең, енді біреулеріне аттап баса алмайсың. Босағада күзет, есіктерде құлып. Топпен бірге Тараз қалалық әкімдікке де бас сұқтық. Заң талаптары қаншалықты сақталатынын анықтау үшін бірнеше кабинетті араладық. 

Погон таққан күзетшілер ғимарат ішінде ары тартып, бері тартып жүріп артымыздан қарай-қарай шығарып салды. Мониторингтік топ мүшелері де, біз де ешкіммен тілдесе алмадық. Қаладағы мемлекеттік мекемелерге жұмыс тобының кіре алмайтындығына көз жеткізген соң, жақын маңдағы ауданға аттандық.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

– Енді ауылдың, ауданның мемлекеттік қызметкерлері сыйлық ала ма? Алмай ма? Соны тексеру үшін келіп отырмыз. Ол үшін біз Жамбыл ауданы Аса ауылына келдік. Байқап көрейік. Бірінші аудандық әкімдіктен бастаймыз.  

Аудан басшысы өзгелер сияқты қашқақтамай, бірден шындығын айтты. Әкім «сыйлықты кітап ретінде берсе, алам» деді.

Сәкен Арубаев, Жамбыл ауданының әкімі:

– Мысалы, кітап сыйлаған кездер болды. Негізі бұл мәселені расында құптамаймын. Өйткені, біз мемлекеттік қызметкерлер халыққа қызмет етуіміз керек.

Сыйлықтың көкесі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының кабинетінен шықты. Қабылдау бөлмесі сыйлыққа лық толы. Мемлекеттік қызметкер бұл шаруаларға мереке қарсаңында берілетін тарту деп ақталып, көпшіліктің алдында кешірім сұраған кейіп танытты.  

Қайрат Меклисов, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы:

– Анықталған сыйлықты ол өзі қабылдаған болса және ол екі айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, онда оған айыппұл салынады. Ол 500 мың теңгеден аса.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

– Мемлекеттік қызметкерлер тарапынан өткізілген барлық сыйлық заттары Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізілуі тиіс. Яғни, бұл жағдайда биылдыққа жыл басынан бері 5 материал өткізілген. Көріп тұрғандарыңыздай, спорттық зат ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаевқа берілген. Оның айтуынша, осы сыйлық заттарын спорттық заттарды белгісіз біреу қабылдау бөліміне тастап кеткен көрінеді.

Мониторингтік топ мүшелерінің айтуынша, заң бойынша мемлекеттік қызметкер сыйлық қабылдаған жағдайда 7 күннің ішінде мемлекеттің иелігіне өткізуі міндетті. Өткізбеген жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал енді оның құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асса, қылмыстық іс қозғалады. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1082602
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар