Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Солтүстік Қазақстанда өткен айтыста Мұхаммед Қоңқаев бас жүлде иеленді - Қазақстан және әлемдегі соң



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:10 - 2019/12/09

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/360029-solt-stik-aza-standa-tken-oblysty-ajtysta-m-khammed-o-aev-bas-zh-lde-ielendi



Солтүстік Қазақстанда өткен айтыста Мұхаммед Қоңқаев бас жүлде иеленді


Петропавл қаласында өңірдің 18 ақынын бас қосқан Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай «Қызырлы Қызылжар – құт бесік» атты облыстық айтыс өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, облыста осындай ауқымды айтыс соңғы рет 2016 жылы өткен екен. 9 жұп төл өнерге шөлдеген халықтың құлақ құрышын қандырды.

«Облыстық ақындар айтысын өткізу үшін көрші өңірлерден ақындар шақыратынбыз. Көп болса облыстан 4-5 ақын ғана сахнаға шығатын. Алғаш рет осылайша 18 ақынымыз өнер көрсетті. Тағы бір ерекшелігі, бұл жолы төрт буын өкілі айтысты. Суырып салма ақындарымыздың ең жасы 15-те болса, ең үлкеніміз 60 жаста», - дейді айтыскер ақын, жыр додасын ұйымдастырушы Жарқын Жұпархан.

18 ақынның ішінен айыртаулық Мұхаммед Қоңқаев, есілдік Жұмабек Рақымов, петропавлдық Қайырлы Ғафуров және Мамлют ауданының атынан айтысқа түскен ақын қыз Нұргүл Оқашева суырылып алға шығып, бас жүлдені бөліске салды. Нәтижесінде Дәуқара ауылының тумасы, тәжірибелі ақын, 24 жастағы Мұхаммед Қоңқаев үздік атанып, 300 мың теңгені иеленді.

«Өте қуаныштымын. Жақында Жүрсіннің жүйріктерінің қатарына қосылып, өңіріміздің намысын қорғасам деген ойым бар», - дейді облыстық ақындар айтысының жеңімпазы Мұхаммед Қоңқаев.

Бірінші орын мен 200 мың теңге жүлдені Есіл ауданының тумасы Жұмабек Рақымов, 2-орын мен 150 мың теңгені ақын Нұргүл Оқашева жеңіп алды. Үшінші орын петропавлдық ақын Қайырлы Ғафуровқа бұйырды.

Жемқорлық мәселелерін үздік жырлаған айтыскерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінен арнайы сыйақы тағайындалды. 100 мың теңгенің сертификаты Қызылжар ауданының ақыны Аманжол Зағыпарға берілді.

Арнайы жүлде Абзал Жұмабек, Өзбек Тастамбеков, Жантілеу Рақымов, Мақсат Серік, Қуаныш Оспанов лайық деп танылды. Бұдан басқа қатысқан барлық ақындарға ынталандыру жүлдесі табысталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1082002
Пікірлер

Көрші сілтемелер