Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-191033433346 %54 %
2020-01-201839508052 %48 %
2020-01-21666174746 %54 %

Қарағанды облысында жыл мұғалімі таңдалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:09 - 2019/12/09


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының қорытынды кезеңі Достық үйінде өтті. Барлық өңірден 34 педагог қатысуға өтініш берді. Оның 12-і финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Семей мен Курчатовта көктайғаққа байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты

«Жыл мұғалімі» байқауы үш кезеңнен тұрды. Біріншісі аудандар мен қалалар деңгейінде өтті. Келесі кезең облыстық мамандандырылған «Мұрагер», «Дарын» мектеп-интернаттары және № 93 гимназия базасында сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізу тапсырмасы болды. Қорытынды кезең көпшілік алдында сөз сөйлеу түрінде өткізілді және бірнеше турдан құралды. Алдымен қатысушылар өздерін таныстырып, «ашық микрофон» байқауында ұсынылған тақырыптар бойынша ой бөлісті, содан кейін педагогикалық жағдайды талдады.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде мен «Жыл мұғалімі» атағын Балқаш қаласының №10 мектеп-балабақша кешенінің ұстазы Олжас Сауриков жеңіп алды. Бірінші орынды № 97 гимназияның тарих пәні мұғалімі Олег Те еншіледі. Екінші орынды облыстық тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнұр Қалиева иеленді. Үшінші орынды Саран қаласының №2 мектеп-балабақша кешенінің ағылшын тілі мұғалімі Дарья Хохлова алды. Барлық жүлделі орын иелеріне дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. «Үздік сабақ» номинациясы бойынша №8 гимназияның химия пәнінің мұғалімі Гүлнәр Бимендина жеңімпаз атанды. «Үздік сыныптан тыс шара» номинациясы бойынша Шет ауданынан Ербол Қызылов жүзден жүйрік шықты. Ол Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында тарих пәнінен сабақ береді.

«Үздік үй тапсырмасы» номинациясы бойынша Сәтбаевтан келген Меруерт Әбішева үздік атанды. Ол Абай атындағы №2 орта мектепте ағылшын тілін оқытады.

«Көрермендер көзайымы» номинациясын бойынша Бұқар жырау ауданы Үштөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ботагөз Алина жеңімпаз атанды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1082001
Пікірлер

Көрші сілтемелер